Компания жаналықтары

2802/24

«ПЭТК» АҚ HR-мамандарымен кездесу

Бүгін Павлодардағы "Павлодар ЭТК" АҚ бас әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында барлық бөлімшелердің қызметкерлермен жұмыс жөніндегі мамандарын оқыту өтті. Кадрлық әкімшілендіру бойынша жаңа нұсқаулар енгізілгеннен кейін құжаттаманы толтырудың барлық қыр-сырын түсіну үшін облыстың барлық аудандарынан 50-ден астам қатысушы келді.

Толығырақ
2702/24

Электр энергиясының жаңа тарифі. Не өзгерді?

2024 жылғы 10 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифі жоғарылады. Тұтынушылар бұл өзгерістерді наурыз айындағы есеп айырысу парақтарынан көре алады. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы тарифінің өсімі ең алдымен, электр энергиясын өндіру және беру үдерістері құнының өсуіне байланысты екендігін түсіндіреді.

Толығырақ
2302/24

Екібастұз ЖЭО жоғары беріктік қорымен жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда Екібастұз ЖЭО жобалық қуатқа шығарылды, станцияның жұмыс қабілеттілігін тек қолдап отыру ғана қажет. Жазғы жөндеу науқаны кезінде сегіз қазандық агрегатын күрделі жөндеу және екі қазандық агрегатын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төрт қазандық 100%-ға дерлік ауыстырылды. Мұның барлығы «Өркендеу» салалық журналистер клубының бастамасымен ұйымдастырылған «Екібастұз ЖЭО мысалында жылу энергетикасының бүгіні мен ертеңі» шеберлік сағатының барысында айтылды.

Толығырақ