Бүгін Павлодардағы "Павлодар ЭТК" АҚ бас әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында барлық бөлімшелердің қызметкерлермен жұмыс жөніндегі мамандарын оқыту өтті. Кадрлық әкімшілендіру бойынша жаңа нұсқаулар енгізілгеннен кейін құжаттаманы толтырудың барлық қыр-сырын түсіну үшін облыстың барлық аудандарынан 50-ден астам қатысушы келді.
Бүгін Павлодарда әкімшілендіру ережелеріндегі жаңалықтарды зерделеу үшін «ПЭТК» АҚ бөлімшелерінде табельдік есепті жүргізу үшін жауапты табельшілер, хатшылар - персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім және қызметкерлер арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын барлық мамандар жиналды.
- Бүгін біз кадрлық әкімшілендіру бойынша жаңа нұсқаулардың қолданысқа енгізілуіне байланысты жиналып отырмыз. Осыған орай құжат айналымында біршама өзгерістер пайда болды, - дейді «ПЭТК» АҚ қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы Юлия Вишенкова. - Ең алдымен, өтініштердің бір бөлігі толығымен қолдан толтырылатындығы туралы айтқым келеді. Бланкілердің бұл санатына жұмысқа қабылдау, басқа қызметке ауыстыру, жұмыстан босату жөніндегі өтініштер және жалақысы сақталмайтын демалыс беру өтініштері жатады. Еңбек демалысын беру өтінішіне ерекше назар аударғым келеді, жыл соңында демалыс қалдықтары қалмауы тиіс.
Қызметкерлерді оқыту компания жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондықтан мұндай кездесулер компания тобының барлық кәсіпорындарында үнемі өткізіліп тұрады.
- Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін - табельдік есепті жүргізу үшін жауапты табельшілерді, хатшыларды оқытуға байланысты іс-шаралар жылына 2-3 рет тұрақты жүргізіледі. Қажетті құзыреттіліктерге ие қызметкерлер жақсы жұмыс істейді және үнемі өзгеріп отыратын ортаға тез бейімделеді, - деп қорытындылады «ПЭТК» АҚ қызметкерлермен жұмыс бөлімінің еңбек жөніндегі жетекші маманы Наталья Мыскина.
Айта кетейік, 2024 жылдың екі айы ішінде "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарына 181 адам жұмысқа орналасқан.