«Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ

«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ («Павлодар ЭТК» АҚ, Компания) 1998 жылғы 29 қаңтарда құрылды, 1999 жылғы қаңтар айында Компания ашық акционерлік қоғам, кейін, 2003 жылғы 30 желтоқсанда, акционерлік қоғам етіп қайта тіркелді.

Компанияның негізгі қызметі – Павлодар облысының 11 аймағында, Павлодар және Ақсу қалаларында электр қуатын беру және бөлу. Компанияның өндірістік қуаттары Павлодар қаласында және Павлодар облысында орналасқан.

«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ электр желісі «KEGOC» АҚ электр желісі арқылы Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне және Ресейдің желілеріне қосылған, бұл Компанияға Павлодарлық № 1, 2 және 3 ЖЭО өндіретін электр қуатын беруге мүмкіндік туғызған. № 1 ЖЭО «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тиесілі, ал № 2, 3 ЖЭО «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ға тиесілі.

Қазақстанның өнеркәсіптік аймағы болып табылатын Павлодар облысындағы кәсіпорындардың көбі Компанияның электр желілеріне қосылған, бұл аймақта түрлі меншік нысандарына жататын 5 000 шақты кәсіпорын орналасқан, ал тұрғындарының саны – 755,8 мың адам.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Компания қызметкерлерінің жалпы саны 1 878 адамды құрады.

«Павлодар ЭТК» АҚ-ға қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін мемлекеттік лицензиялар
  • ҚР аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтердің) түрлерімен айналысуға берілген 2013 жылғы 24 сәуірдегі мамырдағы № 13006492 лицензия.
«Павлодар ЭТК» АҚ құрамына кіретін бөлімшелер
  • 110-35 кВ-тық электрлік желілерге және электрлік шағын станцияларға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын кәсіпорындар – шығыс және батыс электрлік желілер кәсіпорындары. Олардың құрамына орналасқан жерлерінде 10-0,4 кВ-тық желілерге қызмет көрсететін төмендегі 11 электрлік желі ауданы (ЭЖА) кіреді:
    • батыс кәсіпорны (Сол жақ жағалау) бойынша Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май аудандық электрлік желілері және Ақсу электрлік желілері;  
    • шығыс кәсіпорны (Оң жақ жағалау) бойынша Желез, Қашыр, Лебяжье, Павлодар, Успен, Шербақты аудандық электрлік желілері;
  • қалалық электрлік желілер кәсіпорны;
  • реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қалалық үйішілік желілер кәсіпорны;
  • өндірістік басқармалар мен қызметтер.
«Павлодар ЭТК» АҚ теңгеріміндегі объектілер
  • ұзақтығы 14 466 шақырым 220-0,4 кВ-тық әуе желілері;
  • ұзақтығы 811 шақырым кабельдік желілер.

«Павлодар ЭТК» АҚ деректемелері

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге қайта алу туралы№ 4220-1945-АО куәлігі

БСН 980 240 000 752

KZ 746010241000023489

Республика Казахстан, 140000, г.Павлодар, промышленная зона Центральная, строение 2014

ҚҚС бойынша есепке тұрғызылғаны туралы куәлігі: сериясы 45001 № 0003557 22.08.2012 жылы берілген

ПФ АО «Народный Банк Казахстан»

БСК HSBKKZKX

 

Приказ №П-1453 от 17.12.2024г О дополнении №9 в Перечень ТРУ на 2025г

Приказ №П-1418 от 06.12.2024г О дополнении №8 в Перечень ТРУ на 2025г

Приказ №П-1403 от 03.12.2024г О дополнении №37 в Перечень ТРУ на 2024г

Приказ №П-1399 от 02.12.2024г О дополнении №7 в Перечень ТРУ на 2025г

Приказ №П-1390 от 02.12.2024г О дополнении №36 в Перечень ТРУ на 2024г