Кадрлық саясат
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар облысының ірі жұмыс берушілерінің бірі болып отыр. Қазіргі уақытта Компанияның кәсіпорындарында 4500-ден астам адам жұмыс істейді. Кадрлық әлеуетті оңтайлы түрде іске асыру үшін Компанияда бірыңғай корпоративтік мәдениетті нығайтуға, қызметкерлерді тиімді түрде ынталандыруға және олардың кәсіптілігін дамытуға бағытталған бағдарламалар іске асырылуда.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттерімен өзара қарым-қатынастарды дамыту «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның кадрлық саясаты бағыттарының бірі болып табылады. Компанияның кәсіпорындарында студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, мамандығының тәжірибелік дағдыларын меңгере алады.
Студенттер Павлодар облысының жоғарғы оқу орындарында жыл сайын өткізілетін «Студент күні» кезінде кәсіпорындағы мансап мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты біле алады, сондай-ақ өздерін қызықтыратын сұрақтар қоя алады.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жылына бірнеше рет Ашық есік күнін өткізеді, мұндай күндері студенттер Компанияның кәсіпорындарына келіп көру, өндіріс үрдісімен және пайдаланылатын жабдықтармен танысу, өндіріс, электр және жылу қуатын таратып бөлу салаларының кәсіби мамандарымен сөйлесу мүмкіндігіне ие болады.