Тұтынушы-борышкерлер
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметінің негізгі міндеттерінің бірі дебиторлық қарыздың деңгейін түсіру болып табылады. Осы міндетін іске асыру үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС ақпараттық-түсіндіру сипаттағы төмендегі іс-шараларды өткізеді.
- БАҚ-та, көпшілікке қол жетімді сайттарда энергиямен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтердің уақытылы төлемі туралы жарияланымдар орналастыру.
- Павлодар облысының сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша орындалатын іс-қимылдар туралы жарияланымдарды өңірлік және республикалық БАҚ-та орналастыру.
- Телеарналар эфирінде дебиторлық қарызды өтеу қажеттілігі туралы бейне роликтер дайындап орналастыру.
Сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың, барлық меншік нысандары кәсіпорындары қызметкерлерінің борышты өтеуі мақсатында «Павлодарэнергосбыт» ЖШС борышқорлармен жұмысқа бағытталған іс-шаралар қатарын жүргізеді.
Электр және жылу энергиясын беруді тоқтату бойынша күнделікті жұмыстардан басқа көпқабатты тұрғын үйлердегі электр желілеріне рұқсатсыз өз бетімен қосуды жасайтын жауапсыз төлеушілерге әсер ету мақсатында мамандандырылған ұйымның тарапынан бекіту құрылғылары орнатылып, қабаттағы қалқанның есіктері қосымша күшейтілетінін айтып кету қажет.
Жеке секторда ВЛ-0,4кВ (киловольт) әуе желілеріне қосылумен күрес үшін электр беру желілерінің оқшауланбаған сымдарын оқшауланған сымдарға ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Кейбір жағдайларда ВЛ-0,4кВ трассасын қайта жаңарту және өзгерту, сондай-ақ ЭЖБ «зонттардың» тіреулерінде монтаж, яғни электр беру желілерінің тіреулеріне рұқсатсыз көтерілуге кедергі жасайтын құрылғылар жасалады.
Жылу энергиясы бойынша борышкерлермен жұмыста тұрғын үйдегі ыстық су және жылу құбырының тіреушісін ажырату қолданылады - осы «тіреуші» бойынша барлық тұтынушылардың борышы болған жағдайда.
- Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары мен ірі өнеркәәсіптік кәсіпорындарының басшыларына осы ұйымның борышкер тұтынушыларының тізімдерін мерзімі өткізілген борыштың сомасын көрсетіп жіберу.
- Кінәрат-талап қою жұмысын жүргізу.
Егер борышкер тұтынушы электр және жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тұтынылған қызметтердің төлемін жүргізуге жасалған ескертулерге еш әрекет жасамаса, соңғы шараларды қолданады. Қаржылық қиыншылықтарға тап болған абоненттерге төлемді бөліп төлеудің кестесін құрып қолдау көрсетеді.
Жоғарыда аталған шараларды болғызбау үшін, «Павлодарэнергосбыт»ЖШС Павлодар қаласы мен Павлодар облысының тұтынылған электр және жылу энергиясы үшін дебиторлық борышы бар тұрғындарына қарызды дереу өтеуін ұсынады.
