Тарихы

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның жарты ғасырдан астам тарихы кәсіпорынның қарқынды түрде дамығанын және кәсіпорын командасының жоғары біліктілігін көрсететін қызықты әрі әсерлі оқиғаларға толы.

1964 жылы Павлодар облысының бүкіл энергетика саласы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» аудандық басқармасына біріктірілді. Бір жылдан кейін Министрлер кеңесінің қаулысымен аудандық басқарма «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» өндірістік бірлестігі етіп өзгертілді. Ол кезде ұйымның теңгерімінде келесідей кәсіпорындар болды: Павлодарлық ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Екібастұздық МАЭС-1, МАЭС-2, Екібастұздық ЖЭО, Ермак қаласының МАЭС.

Компания аймақтың дамуына зор үлесін қосты. Облыстың аумағында негізгі жүйеаралық электр қуатын беру желілері енгізілді, бұл қазақстандық қуат жүйелерін біріктіруге, Солтүстік Қазақстанның біріктірілген қуат жүйесін жасауға мүмкіндік берді.

1971 жылдың 2 қазанында Павлодарлық жылу желілері кәсіпорны құрылды, бұл қаланы жылыту үрдістерін орталықтандыруға мүмкіндік тудырды және Павлодар қаласының жылу желілерінің дамуына жаңа серпін берді. Сонымен қатар, электрлік қуатты генерациялау саласындағы жылу-электр орталықтарында жыл сайын ірі іс-шаралар жүргізілді, жаңа қуаттарды іске қосу жүргізілді.

КСРО ыдырағанда және 1995 жылғы дағдарыстан кейін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды. Ал 1997 жылы Павлодарлық ЖЭО-2 және ЖЭО-3 мүлкі аукционға қойылды, оны «Орталық-Азия отын-энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы (ОАОЭК) сатып алды.

2002 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ашық акционерлік қоғамы құрылды, 2003 жылғы желтоқсан айында ол акционерлік қоғам етіп өзгертілді. Энергия жүйесінің генерациялайтын қуаттарының құрамына Павлодарлық ЖЭО-2 және ЖЭО-3 кірді.

2002 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ компаниялар тобына «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ қосылды. Осы жылы Компанияның құрамына 2011 жылы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС етіп өзгертілген «Энергоцентр» АҚ кірді.

2005 жылы Компанияның құрамына «Павлодарские тепловые сети» АҚ етіп біріктірілген, ал 2011 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріне өзгертілген.

Павлодар облысының қуатты генерациялайтын, қуат беретін ұйымдарын сатып алу жөніндегі мәмілелер аяқталғаннан кейін «ОАЖЭК» АҚ 1990 жылдары күрделі жөндеу жүргізілмеген «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ станцияларының негізгі қорларын қайта құру және жаңарту жөніндегі жобаларға қаражат сала бастады. 2006 жылы Павлодарлық ЖЭО-2 ұйымында №2 құбыр агрегатын қайта құру жұмыстары аяқталды.

Компания кеңеюін жалғастырды, 2007 жылғы желтоқсан айында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Екібастұз жылу орталығын және Екібастұз жылу желілерін сатып алды.

2008-2009 жылдары «ОАОЭК» АҚ өзінің еншілес ұйымы «Орталық-Азия Электр-энергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның жарғылық капиталына «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның акцияларын берді. Сөйтіп «Орталық-Азия Электр-энергетикалық Корпорациясы» АҚ «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның жалғыз акционері болды. «ОАЭК» АҚ акционерлерінің құрамына «Орталық-Азия отын-энергетикалық корпорациясы» АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам инфрақұрылым қоры сияқты халықаралық даму институттары кіреді.