Жалпы үйлік электр желілері
Павлодар қаласының жалпы үйлік электр желілеріне (ЖҮЭЖ) қызмет көрсету
Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларының 14-тармағы бойынша жалпы үйлік электр желілерін тиісті техникалық күйде күтіп ұстау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеті болып табылады және ПИК-пен немесе Тұтынушының уәкілетті өкілімен не Тұтынушымен жасалған жеке шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетуді өз бетімен (тиісті рұқсаты бар болғанда) және (немесе) энергия беруші ұйыммен шарт бойынша жүргізе алады немесе қызметтің осындай түріне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жүргізіледі. Мамандандырылған ұйымды тарту тендерлік негізде жүргізіледі.
2014 жылғы 31 желтоқсанда жалпы үйлік электр желілеріне техникалық қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Павлодарэнергосбыт» ЖШС 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтерді жеткізушіні анықтау мақсатында тендерлік процедураларды жүргізді. Тендерлік процедуралардың қорытындысы бойынша жалпы үйлік электр желілеріне техникалық қызмет көрсетулерді жеткізуші болып «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамы айқындалды. ЖҮЭЖ техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтердің құны Павлодар мен Ақсу қалаларының тұтынушылары үшін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір пәтерге 195,62 теңгені (ҚҚС-тың есебімен) құрайды.
Құны жалпы үйлік электр желілерін (ЖҮЭЖ) ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындарға кіретін қызметтердің тізбесі
1. Жалпы үйлік желілерге ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – электр жабдығын инженерлік қадағалау мен бақылау, жекелеген кемістіктерді дер кезінде жою және жөндеу аралығындағы кезеңде ЖҮЭЖ түзу күйінде күтіп ұстауға бағытталған ұсақ бір жолғы жөндеу жұмыстарын өндіру жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы.
р/с № | Жұмыстардың тізбесі | Мерзімділігі |
---|---|---|
1.1 | Техникалық куәландыруды жүргізу (тексеру, жағдайын бағалау, пайдаланудың мерзімдері мен шарттарын анықтау, сондай-ақ энергия қондырғысының белгіленген ресурсын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды белгілеу) | ЖҮЭЖ қабылдау кезінде, кейін 5 жылда 1 рет |
1.2 | ЖҮЭЖ тексеру: | |
1.2.1 | Мерзімді | 6 айда 1 рет |
1.2.2 | Жоспардан тыс | Авариялық ажыратулардан, өрттен, су басудан және сұрапыл апаттардан кейін. |
1.3 | Сынау және өлшеу | |
1.3.1 | Жерге тұйықтаудың сұлбасын өлшеу | 6 жылда 1 рет |
1.3.2 | Жүктемелерді өлшеу | 6 айда 1 рет жүктемелердің максимум және минимум кезеңдерінде. |
1.3.3 | «Фаза-ноль» ілмегінің кедергісін өлшеу | ЖҮЭЖ қабылдау кезінде, кейін 12 жылда 1 рет |
1.3.4 | КЛ-0,4 кВ оқшауының кедергісін өлшеу | Техникалық куәландыру жөніндегі комиссияның шешімімен анықталады |
1.3.5 | КЛ-0,4 кВ оқшауын жоғары кернеумен сынау | Ұқсас |
1.4. | Тұтынушылардың өтінімдерін орындау | |
1.4.1 | Қабаттағы қалқанның пакеттік және автоматтық ажыратқыштарын орнату, жөндеу және ауыстыру. | Тұтынушылардың өтінімдері бойынша 3.2.3-т. көрсетілген мерзімдерде |
1.4.2 | Қабаттағы қалқанның коммутациялық сымдарын жөндеу және ауыстыру. | Ұқсас |
1.4.3 | Пәтердің немесе пәтерлер тобының электрмен жабдықтауын қалпына келтіру. | Ұқсас |
1.4.4 | Сақтандырғыштарды ауыстыру | Ұқсас |
1.4.4 | Жалпы үйлік жарықтандырудың электржабдықтауын қалпына келтіру. | Ұқсас |
1.4.5 | Жалпыүйлік жарықтандыру шамдарын ауыстыру және жөндеу. | Ұқсас |
1.4.6 | Жалпыүйлік жарықтандыру сымын, ажыратқыштары мен аппараттарын ауыстыру және жөндеу. | Ұқсас |
1.4.7 | Жалпыүйлік жарықтандыру шамдарын ауыстыру. | Ұқсас |
1.4.8 | Үйдің жылу-су жолы құбырларындағы және металл конструкцияларындағы шамасын жою. | Ұқсас |
1.4.9 | Үйдің жылу-су жолы құбырларындағы және металл конструкцияларындағы электр шамасының көзін іздеп табу. | Ұқсас |
1.4.10 | Қабаттағы қалқанның жауып тұратын құрылғысын орнату, жөндеу және ауыстыру. | Ұқсас |
1.5. | Жүктемелерді бөлу. | Жүктемелерді өлшеудің нәтижелері бойынша қажетіне қарай. |
1.6. | Жалпыүйлік қажеттіліктеріне арналған электр энергиясын есепке алу жүйесіне қызмет көрсету (ЖҮҚ). | |
1.6.1 | ЖҮҚ есепке алу пункттеріндегі электр энергиясын санауыштар мен трансформаторларды ауыстыру. | Кондоминиум объектісін басқару органдарының өтінімдері бойынша қажетін қарай. |
1.6.2 | Электр энергиясын санауыштар мен ток трансформаторларын тексеру және жөндеу. | Ұқсас |
1.6.3 | ЖҮҚ–ға арналған электр энергиясын есепке алу схемасын құрастыру. | |
1.7. | Енгізу-тарату құрылғы шкафтары мен қабаттағы қалқанды жөндеу: | |
1.7.1 | Бекіту құрылғыларын жөндеу. | Тексеру нәтижелері мен тұтынушылардың өтініштері бойынша қажетіне қарай. |
1.7.2 | Бүлінген түйіндерді ауыстыру. | Ұқсас |
1.7.3 | Жазба салу және бояу. | Ұқсас |
1.8. | Магистральды электр сымы жүйесін жөндеу: | |
1.8.1 | Электр сымының жүйесін бекіту | Тексеру нәтижелері мен тұтынушылардың өтініштері бойынша қажетіне қарай. |
1.8.2 | Зақымдалған оқшауды жөндеу | Ұқсас |
1.8.3 | Түйіспелердің қызып кетуін жою. | Ұқсас |
1.9. | Жабдық кемшіліктерін, авариялар мен өрттің салдарын жою. | Анықталған кезде қажетіне қарай. |
1.10 | ЖҮЭЖ жабдығын пайдалау, күтіп ұстау және эксплуатациясы қағидалары, өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша жалға алушылар мен меншік иелеріне нұсқама беру. | ЖҮЭЖ қабылдау кезінде, кейін жылына 1 рет. |
1.11 | Тұтынушыларға анықталған бұзушылықтарды жоюға техникалық талаптарды беру (қажетіне қарай) және оларды жою мерзімі; бұрын берілген ұйғарымдар бойынша жөндемсіздіктерді жоюды бақылау. | Анықталған кезде қажетіне қарай. |
- АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ – жөндемсіздіктерді жоюға, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге және қолданыстағы нормативтердің шегінде эксплуатациялық көрсеткіштерді ұстап тұруға бағытталған жұмыстар.
Ағымдағы жөндеулердің мерзімділігі техникалық куәландыру жөніндегі комиссияның шешімімен белгіленеді, бірақ 3 жылда 1 реттен сирек емес.
р/с № | Жұмыстар тізбесі |
---|---|
2.1. | Күш беретін пункттер, енгізу және енгізу-тарату құрылғылары, қабаттағы қалқандар. |
2.1.1 | Жабдықты тазалау. |
2.1.2 | Кемістіктерді жою (изоляторлар, автоматтар, сақтандырғыштар, ұштықтарды және т.с.с. ауыстыру). |
2.1.3 | Жылдам тозатын элементтерді ауыстыру (люминесцентті шамдар және жергілікті жарықтандыратын қыздыру). |
2.1.4 | Түйіспелік қосуларды тарту. |
2.1.5 | Коммутациялық аппараттарды майлау және ретке келтіру. |
2.1.6 | Жерге тұйықталуға (нөлге келтіруге) тиіс металл элементтердің металл байланысын тексеру. |
2.1.7 | Бекіту құрылғыларын жөндеу. |
2.1.8 | Бүлінген бояуды қалпына келтіру. |
2.2 | Тарату, жиынтық және жарықтандыру желісі. |
2.2.1 | Бүлінген оқшауды қалпына келтіру. |
2.2.2 | Сымдардың ақаулы жерлерін ауыстыру. |
2.2.3 | Электр сым жүйесін бекіту. |
2.2.4 | Түйіспе қосуларды жөндеу. |
2.2.5 | Жүктемелерді фазаларға бөлу. |
2.2.6 | Жалпы үйлік жарықтандыру желісін жөндеу. |
2.3 | Анықталған бұзушылықтар жоюға тұтынушыларға техникалық талаптар беру (қажетіне қарай) және оларды жою мерзімдері; бұрын берілген ұйғарымдар бойынша жөндемсіздіктерді жоюды бақылау. |
2.4 | Электр жабдығының күйін, сондай-ақ оны күрделі және орташа жөндеу қажеттілігінің дәрежесін анықтау. |
3. ОРТАША (ЖОСПАРЛЫ-АЛДЫН АЛУ) ЖӨНДЕУ – жөндемділігін қалпына келтіруге және шектеулі номенклатураның құрамдас бөліктерін ауыстырумен немесе қалпына келтірумен және құрамдас бөліктерінің техникалық күйін бақылаумен бұйымның ресурсын ішінара қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар.
Орташа (жоспарлы-алдын алу) жөндеулердің мерзімділігі техникалық куәландыру жөніндегі комиссияның шешімімен белгіленеді, бірақ 12 жылда 1 реттен сирек емес.
р/с № | Жұмыстардың тізбесі |
---|---|
3.1 | Күш беретін пункттер, енгізу және енгізу-тарату құрылғылары, қабаттағы қалқандар. |
3.1.1 | Жабдықты тазалау. |
3.1.2 | Кемістіктерді жою (изоляторлар, автоматтар, сақтандырғыштар, пакеттік ажыратқыштар, ажыратпалар, ұштықтарды және т.с.с. ауыстыру). |
3.1.3 | Толық бөлшектей отырып түйіспелік қосуларды жөндеу. |
3.1.4 | Коммутациялық аппараттарды майлау және ретке келтіру. |
3.1.5 | ЖҮҚ есепке алу пункттеріндегі электр энергиясын санауыштар мен трансформаторларды ауыстыру. |
3.1.6 | Жанбайтын тығыздауыштарды, құбырларды, магистралды электр сым жүйесінің қуыстары мен шахталарын ауыстыру. |
3.1.7 | Жерге тұйықталуға (нөлге келтіруге) тиіс металл элементтердің металл байланысын тексеру. |
3.1.8 | ЖҮЭЖ жабдығының шкафтарын жөндеу. |
3.1.9 | Бекіту құрылғыларын жөндеу және ауыстыру. |
3.1.10 | Жабдық шкафтарындағы жазбалар мен бояуын қалпына келтіру. |
3.1.11 | Сынаулар мен өлшеулерді жүргізу (жүктемелерді өлшеу, кедергіні өлшеу және оқшауын сынау, «фаза-ноль» ілмегінің кедергісін өлшеу, жерге тұйықтау контурының кедергісін (бар болса) өлшеу). |
3.2. | Ттарату, жиынтық және жарықтандыру желісі. |
3.2.1 | Зақымдалған оқшауды қалпына келтіру. |
3.2.2 | Сымдардың ақауы бар жерлерін ауыстыру. |
3.2.3 | Электр сым жүйесін төсеу және бекіту. |
3.2.4 | Толық бөлшектей отырып, түйіспе қосуларды жөндеу және ауыстыру. |
3.2.5 | Жүктемені фазаларға бөлу. |
3.2.6 | Жалпы үйлік жарықтандыру желісін жөндеу. |
3.2.7 | ЖҮҚ бүлінген шамдары мен ажыратқыштарын жөндеу және ауыстыру. |
3.2.8 | ЖҮҚ-дағы электр энергиясын есепке алу схемасын құрастыру. |
3.3. | Анықталған бұзушылықтар жоюға тұтынушыларға техникалық талаптар беру (қажетіне қарай) және оларды жою мерзімдері; бұрын берілген ұйғарымдар бойынша жөндемсіздіктерді жоюды бақылау. |
3.4. | Электр жабдығының күйін, сондай-ақ оны күрделі жөндеу қажеттілігінің дәрежесін анықтау. |
Жалпы үйлік электр желілеріне техникалық қызмет көрсетуді жалғастыру үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жалпы жиналыстың қабылданған шешімінің негізінде ынтымақтастық және өзара қатынастарды ұйымдастыру туралы шарт жасау қажет. Бұл ретте «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның атына өтініш беріліп, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы, оның ішінде дауыс берудің қорытындысы (бар болса) бойынша хаттама қоса берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің мәселесі бойынша өкілі кондоминиум объектісін басқару органы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады. Осыған байланысты дәл осы Басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің өз еркімен ынтымақтастық және өзара қатынастарды ұйымдастыру туралы шарт жасау мәселесі жөнінде «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-мен қарым-қатынастарын реттеуге міндетті. Басқару органы болып кооператив емес, басқа ұйымдастыру нысаны шыққан жағдайда осы Орган өз бетімен жасауға құқылы, және де меншік иелерінің жалпы жиналысында келісуді талап ететін іс-әрекеттер кондоминиум объектісін басқарудың жалпы жиналыстың хаттамалық шешімдеріне негізделген шарттарда анықталуы тиіс. Бұл соның ішінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің мүдделерін ұсыну бойынша олардың атынан шарттар, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қосымша келісімдер жасау мәселелеріндегі өкілеттіктерге де қатысты.
Қолданыстағы заңнаманың талабын ескере отырып, 2015 жылға жоғарыда аталған шартты жасау үшін кондоминиум объектісін басқару органы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мекенжайына белгіленген нысанда мына құжаттардың түпнұсқаларын ресімдеп ұсынуы қажет, атап айтқанда: үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері мен хаттамалардың қоса берілген үлгілері бойынша шешімі берілген хаттамасы, тіркеу парақтары, дауыс беру парақтары, жазбаша дауыс берудің қорытындысы бойынша жиынтық деректер; сонымен қатар ПИК басқармасының мүшелерін сайлау туралы жалпы жиналыс хаттамасының көшірмесі немесе кондоминиум объектісін басқаруға жасалған шарттың көшірмесі, уәкілетті тұлғаның жеке басының куәлігінің көшірмесі.
Хаттама «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» 1997 жылғы 16.04-тегі ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына, оның ішінде Заңның 42, 42-1, 42-2–баптарында баяндалған талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының бастамашылары он күн бұрын алдағы тұрған жиналыстың өткізілетін күні, орны және күн тәртібі туралы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін алдын ала хабардар етеді (Заңның 42-1 – б., 3 т.);
- үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екі бөлігі қатысқанда заңды болып табылады (Заңның 42-1-б. 5 т.);
- жиналыстың шешімі жиналысқа тікелей қатысқан немесе электронды цифрлық қол қоюды пайдаланып дауыс берген, осы баптың 6-1-тармағымен көзделген жағдайды қоспағанда, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады (Заңның 42-1 – б. 6 т.);
- үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы санының даусының кем дегенде бестен бір бөлігі осы баптың 2-тармағы 2), 6), 7) және 9) –тармақшаларымен көзделген мәселелер бойынша ұсынылған шешімге қарсы дауыс берген жағдайда шешім қабылданбаған болып саналады және жалпы жиналыста қайта қарауды талап етеді. Осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін қайта қараған кезде кондоминиум объектісі үй-жайлары (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінің келісімі болуы қажет (Заңның 42-1-б. 6-1 т.);
- кворум болмаған жағдайда дауыс беру Заңның 42-2 б. сәйкес жазбаша пікір сұрау арқылы жүргізіледі (Заңның 42-1-б. 7 –т.);
- үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасында мыналар көрсетіледі (Заңның 42-1 – б.8 –т.):
- объекта кондоминиумобъектісінің тұрған жері;
- жиналыстың өткізілген күні, уақыты;
- үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы саны;
- жиналысқа қатысқан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің саны;
- жиналыстың төрағасы мен хатшысы;
- жиналыстың күн тәртібі;
- жиналыста сөз сөйлеген адамдар;
- дауыс беру нысаны және қорытындысы;
- жиналыспен қабылданған шешім.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы және хатшысы қолдарын қояды. Хаттамаға жиналысқа қатысқан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін тіркеу парағы, олардың толық тегі, аттары мен әкесінің аттары (бар болғанда), үй-жайлардың (пәтерлердің) нөмірлері көрсетіліп қоса беріледі – қабылданған шешім барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері үшін міндетті болып табылады және соттарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде олардың өз еркін білдіруі ретіндегі даулы және басқа мәселелерді қарауға арналған құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегіне есеп айырысу үшін негіздеме болады (Заңның 42-1-б. 9 –т.).
Жазбаша пікір сұрауды жүргізу (Заңның 42-2-б.):
- жазбаша сұрақ қою үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу кезінде кворумды қамтамасыз етпеген кезде жүргізіледі (Заңның 42-2- б. 1 –т.);
- үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесі жазбаша пікір сұрау кезінде бір дауысқа ие болады. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншік иесіне бірнеше үй-жай (пәтер) тиесілі болса, ол дауыстардың осындай санын иеленеді (Заңның 42-2-б. 2–т.);
- жазбаша пікір сұрау жүргізуді ұйымдастыру үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің санынан жауапты тұлғалар тағайындалады (Заңның 42-2-б. 3 –т.);
- әрбір дауыс беру парағында реттік нөмірі, талқылауға енгізілген сұрақтар, үй-жайдың (пәтердің) меншік иесінің мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), қол қоятын орны, кондоминиумобъектісін басқару органының басшысының қолы болуы тиіс(Заңның 42-2-б. 4 –т.);
- жазбаша пікір сұрау жүргізуге енгізілген сұрақтар бойынша дауыс беру парағы әрбір үй-жайдың (пәтердің) меншік иесіне жеткізіледі (Заңның 42-2- б. 5 –т.);
- егер дауыс беру кезінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кемінде үштен екісі қатысса, жазбаша пікір сұрау өткізілген болып саналады (Заңның 42-2-б. 6 –т.);
- дауыс берудің қорытындысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында жасалады.Егер ол үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жартысынан көбі дауыс берген болса, шешім қабылданған болып саналады (Заңның 42-2-б. 7 –т.);
- жазбаша пікір сұраудың хаттамасында дауыс беру парақтары бойынша жиынтық деректер келтіріледі. Жиынтық деректер мен дауыс беру парақтары хаттаманың міндетті қосымшасы, оның ажыратылмас бөлігі болып табылады және бірге сақталады (Заңның 42-2-б. 8 –т.);
- жазбаша пікір сұрау жолымен қабылданған шешім барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері үшін міндетті болып табылады (Заңның 42-2-б. 9 –т.).
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-мен шарттық қарым-қатынастарды ресімдеуге арналған құжаттардың үлгілері:
- кворум болған жағдайда тіркеу парағы бар үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы (құжатты көшіріп алу);
- кворум болмаған жағдайда тіркеу парағы бар үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы (құжатты көшіріп алу);
- тіркеу парағы бар, дауыс беру парақтары бар жазбаша пікір сұрау қорытындысы бойыншаүй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы (құжатты көшіріп алу).