Басшылық

Щемель Олег Анатольевич

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры

Щемель Олег Анатольевич 1969 жылы 8 қараша күні дүниеге келген. Үйленген.

1986 жылдан 1992 жылға дейін Белоруссиялық политехникалық институтының «Электр станциялары» мамандығы бойынша білім алған. 2006 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта  «Минскэнерго» Минск электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің Минск 4-ЖЭО-да  электр машиналарын жөндеу жөніндегі электрослесарь, аппаратураны, релелік қорғаныс және автоматиканы жөндеу жөніндегі электромонтер, электр цехының өндірістік учаскесінің шебері болып жұмыс істеді. 1998 жылы «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы электр цехының бастығы лауазымына тағайындалды; 2000 - 2007 жылдар аралығында – «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы электростанциясының ауысым бастығы; 2007 жылғы ақпаннан тамыз айына дейін «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы  өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

2007 жылы «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны «Минск 4-ЖЭО» филиалының пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары болып тағайындалды; 2013-2019 жылдар аралығында «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны «Минск 4-ЖЭО» филиалының бас инженері лауазымында қызмет еткен.

2019 жылғы ақпаннан қазан айына дейін Минск қаласы «Белэнерго» электр энергетикасы мемлекеттік  өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген; 2019 жылдан 2023 жылғы сәуір айына дейін – «Минскэнерго» Минск республикалық унитарлық электр энергетикасы  кәсіпорнының бас директоры лауазымын атқарған.

2023 жылғы 17 сәуір күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды.

Адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, Беларусь Республикасының энергетикалық жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан жеке үлесі үшін О.А. Щемельге «Выдатнiк Беларускай Энергасiстэмы» құрметті атағы берілген.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасын дамытудағы еңбегі үшін Олег Анатольевичке  «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы берілген.

Лесин Вадим Викторович

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер

1977 жылғы 20 қыркүйекте дүниеге келген.

2000 жылы Қарағанды металлургия институтын «өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.

Үйленген, ұш бала тәрбиелеп отыр.     

Лесин В.В. еңбек жолын 1995 жылы «Испат-Кармет» АҚ кәсіпорнында оттегі өндірісінің ауа компрессиясы учаскесінде компрессорлық қондырғылардың  6-разрядты машинисі лауазымынан бастады. Осы кәсіпорындағы жұмыс өтілі - 22 жыл. Компрессорлық қондырғылардың машинисінен бастап кәсіпорынның бас энергетигіне дейін энергетикалық өндірістің әртүрлі саласындағы өндірістік тәжірибесі мол.

2012 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқармасының бас энергетигі лауазымына тағайындалды.

2012-2014 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқармасы бас энергетигі бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.

2014-2016 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС директоры лауазымында электр станцияларын басқарды.

2017 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ бас энергетигі болып тағайындалды.

2018 жылғы 29 қаңтардан бастап «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер лауазымына тағайындалды.

Ахметова Альбина Юрьевна

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Ахметова Альбина Юрьевна 1974 жылғы 11 мамырда дүниеге келген.

1991-1993 жылдар аралығында №15 Павлодар кәсіптік-техникалық училищесінде «бухгалтерлік есеп білімі бар сатушы-коммерсант» мамандығы бойынша, 2000-2004 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алды. 2018 жылы «Қаржы» МВА бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында оқыды.

1993 жылдан бастап Павлодар өңірінің кәсіпорындарында бухгалтер болып жұмыс істеді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ындағы еңбек жолын 1999 жылдан Павлодар 3-ЖЭО-ның бухгалтері лауазымынан бастап,  1999-2002 жылдары «Тепловые сети» ЖШС-де, «Павлодартеплоэнерго» ЖШС-де қызмет етті.

2004 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары болып тағайындалды. 2008-2014 жылдары «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің бас бухгалтері болып қызмет атқарды. 2014 жылдан «Павлодарские тепловые сети» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды. 

2018 жылғы қазан айында Ахметова Альбина Юрьевна «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Альбина Юрьевна «Қазақстан бухгалтерлері және бухгалтерлік ұйымдары одағы» БКҰ мүшесі. Тұрмыста. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Жур Игорь Михайлович

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары

Жур Игорь Михайлович 1973 жылғы 16 желтоқсан күні туған.

2004 жылы Минск қаласының Беларусь мемлекеттік технологиялық университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. 2013-2015 жылдар аралығында Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы басқару академиясында «Мемлекеттік басқару және идеология» мамандығы бойынша қайта даярлау дипломын алды. 2014 жылы Беларусь Республикасы ТЖМ «Командалық-инженерлік институт» мемлекеттік мекемесінен «Халықты төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығы бойынша біліктілігін арттырғаны туралы куәлікке ие болды.

1993-1994 жылдар аралығында «Минскэнерго» Минск электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің Минск 4-ЖЭО электр цехында электр слесарі болып жұмыс істеген. 1994 -1995 жылдары Беларусь Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметтен өтті.

1996 жылдан бастап 1999 жылға дейін Беларусь Республикасы Президентінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген.

2000 - 2013 жылдар аралығында Минск республикалық «Минскэнерго» электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалында қызмет етті: жоспарлық-экономикалық бөлімінің жоспарлау жөніндегі екінші санатты экономисті; кәсіподақ комитетінің төрағасы; директордың идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды.

2013 жылы Минск қаласы Октябрь ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылы «Минскэнерго» электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнына бас директордың орынбасары лауазымына оралды.

2022 жылдан 2024 жылға дейін Беларусь Республикасының энергетика, газ және отын өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып жұмыс істеді.

2024 жылдың қыркүйегі айында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, Беларусь Республикасының электр энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін А.Г. Лукашенконың Алғыс хатымен; Беларусь Республикасы Энергетика министрлігінің және Беларусь Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен; Минск қалалық Депутаттар кеңесінің Құрмет грамотасымен; Минск қ. Октябрь ауданы; «Минскэнерго» РУК «Минск 4-ЖЭО» әкімшілігінің Құрмет грамотасымен, Рига қ. мэриясының алғыс хатымен; Электркәсіподақ халықаралық кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған. «Белэнерго» МӨБ, Беларусь Кәсіподақтар федерациясының алғыс хаттарына ие.

Арғынов Талғат Ғабдоллаұлы

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС Бас директоры

Арғынов Талғат Ғабдоллаұлы 1963 жылы 12 қарашада дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар – техникалық және экономикалық. 1985 жылы Куйбышев политехникалық институтын «теплоэнергетикалық процестерді автоматтандыру» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2005 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1985 жылы 3-ЖЭО-да  қазандық цехының ауысым бастығы болып бастады.  Сондай-ақ, турбина цехында, күрделі құрылыс бөлімінде жұмыс істеді. Күрделі энергетикалық өндірістің ішіндегі жұмыстардан білім-тәжірибе ала отырып,  машинистен басшы қызметіне дейін көтерілді. 

2000 жылдан бастап – «Энергетическая компания Павлодарская ТЭЦ-3» ЖШС өткізу бөлімінің бастығы, кейін «Павлодарэнерго» ААҚ басқармасының өткізу бөлімінің бастығы, 2008  жылдан – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасының коммерция және өткізу жөніндегі орынбасары болды. 2009 жылдың сәуір айынан    2011 жылға дейін – «Энергоцентр» АҚ президенті, 2011 жылдан бері «Павлодарэнергосбыт» ЖШС Бас директоры.

Арғынов Т.Ғ. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Электрэнергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Гринёв Игорь Николаевич

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО директоры

Гринёв Игорь Николаевич 1965 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген.

1989 жылы  Павлодар  индустриалды институтын «Электр станциялары» мамандығы бойынша оқып бітірді.

Сол уақыттан бастап Павлодар 3- ЖЭО қосалқы жабдығының машинисі-аралаушысы болып еңбек жолын бастады.

1993  жылы турбина цехының ауысым бастығы болып ауыстырылды. Екі жылдан соң – 3-ЖЭО станциясының ауысым бастығы болды.

2004 жылы станция ауысымының аға бастығы лауазымына тағайындалды.

2007 жылы -  Басқарма төрағасы орынбасарының көмекшісі, кейін   - 3-ЖЭО бас инженері, одан кейінірек  - 2 –ЖЭО бас инженері.

2011 жылы 2-ЖЭО директоры болып тағайындалды.

Бір жылдан соң 2012 жылы 3-ЖЭО директоры лауазымына ауыстырылып, осы күнге дейін сол жерде еңбек етіп жүр. 
 

Аносов Владимир Вячеславович

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО-ның директоры


Аносов Владимир Вячеславович 1975 жылғы 27 наурызда дүниеге келген. Үйленген.

1998 жылы Иваново Мемлекеттік энергетикалық университетін «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша тәмамдады. 1998 жылы Иваново заң колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Щёкино мемлекеттік аудандық электр станциясында бу турбиналарының машинисі қызметінен бастаған. Кейін турбина бөлімшесінің аға машинисі, энергоблок машинисі, энергоблоктардың аға машинисі лауазымдарын атқарған. 2004 жылы қазандық-турбиналық цех бастығының  (жөндеу жұмыстары жөніндегі) орынбасары қызметіне ауыстырылды. Ал 2005 жылы Щёкино МАЭС-інің қазандық-турбиналық цехының бастығы болып тағайындалды.

2012 жылдан бастап «Квадра» ЖАҚ Калуга ЖЭО директоры лауазымын атқарды. 2023 жылдан бастап Владимир Вячеславович «Калужская Генерация» (РосАтом МК) – «РИР» АҚ  филиалы басқарушы директорының операциялық қызмет жөніндегі бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

2025 жылдың шілде айынан бастап «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 2-ЖЭО-ның директоры болып тағайындалған.

Электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Владимир Вячеславович келесі наградалармен марапатталған:

2003 және 2006 жылдар: жоспарлы тапсырмаларды сәтті орындағаны үшін МАЭС Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 жыл: Энергетик күні мерекесіне орай В. В. Аносов есімі  Құрмет тақтасына енгізілді.
2009 жыл: Энергетик күнін мерекелеуге орай Электр энергетикасы жұмыс берушілерінің бүкілресейлік салалық (РаЭл) бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жыл: Энергетик күнін мерекелеуге орай «Квадра» ААҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.
2020 жыл: COVID-19 кезеңінде өндірістің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесі үшін «Ресей Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2023 жыл: жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Калуга облысы губернаторының Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Глотов Александр Владимирович

«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бас директоры

Глотов Александр Владимирович 1963 жылғы 8 қаңтар күні дүниеге келген. Жоғары техникалық білімі бар: Павлодар индустриялық институтын «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1982 жылы  Павлодар №1 монтаждау басқармасында күштік желілер мен электр жабдықтарын электр монтаждаушы лауазымынан бастаған. 1985-1995 жылдары Павлодар арнайы құралдар және технологиялық жабдықтар зауытында (ПТЗ) жөндеу цехының шебері болып жұмыс істеді. 1995 жылғы ақпанда Павлодар алюминий зауытының тұрғын үй-коммуналдық кеңсесінің әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі электр механигі лауазымына қабылданды. 1996 жылы - бас энергетик бөлімінің жоспарлы - алдын ала жөндеу және қосалқы бөлшектер бюросының инженері лауазымына ауыстырылды. 1998-2007 жылдары - энергомеханикалық жөндеу басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылы энергиямен жабдықтау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

2016 жылы «ПЭТК» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженер міндеттерін атқаруға кірісті.

2020 жылғы қаңтар айында «ПЭТК» АҚ бас директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы қаңтарда «ПЭТК» АҚ бас директоры лауазымында бекітілді.