Тұрмыстық емес тұтынушыға (заңды тұлғаларға)
1. Энергиямен жабдықтау шартын жасау үшін құжаттардың тізімі:
1. Өтініш (заңды тұлғаларға (жүктеу); жеке кәсіпкерлерге (жүктеу).
1.1.Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтерді белгілеу туралы өтініш (заңды тұлғаларға). Жүктеу.
2. Техникалық талаптар:
- электрмен жабдықтау (үш фазалылықтарға немесе жаңадан іске қосылатын нысандар үшін) – түпнұсқа. Мекен-жайы: «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ («Павлодар ЭТК» АҚ), Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 27-үй, 108 каб. Қабылдау уақыты – дүйсенбі, сәрсенбі, сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін; түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін, тел. +7 (7182) 39-98-26.
- жылумен жабдықтау – түпнұсқа (жаңадан іске қосылғандарға)/көшірме. Мекен-жайы: «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149-үй. Қабылдау уақыты – күнделікті сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін; түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін, тел. +7 (7182) 60-65-66.
3. Тараптардың теңгерімдік тиесілілігі және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі:
- электрмен жабдықтау – түпнұсқа. Мекен-жайы: «Павлодар ЭТК» АҚ Горэлектросеть, Павлодар қаласы, М. Объездная көшесі, 5-үй. Қабылдау уақыты – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сағ. 8.00-ден 16.00-ге дейін; түскі үзіліс сағ. 12.00-ден 13.00-ге дейін, тел. +7 (7182) 61-38-47.
- жылумен жабдықтау – түпнұсқа. Мекен-жайы: «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149-үй. Қабылдау уақыты – күнделікті сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін, тел. +7 (7182) 62-61-09.
4. Тұтынушы теңгерімінде тұрған жылу тораптарының нормативтік жылу ысырабының есебі:
- түпнұсқа/көшірме. Мекен-жайы: «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149-үй, тел. +7 (7182) 57-18-37.
5.1. Электр энергиясының есеп айырысатын есптеу аспаптарын қабылдау актісі:
- түпнұсқа. Мекенжайы: «Павлодар ЭТК» АҚ, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 76-үй, № 1, 2, 3, 8, 10 учаскелер; Ак. Шөкин көшесі, 87/3-үй, № 4, 5, 6, 7 учаскелер. Қабылдау уақыты – күнделікті сағ. 8.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 12.00-ден 13.00-ге дейін.
5.2. Жылу энергиясын есептеу аспабын пайдалануға рұқсат актісі (қайта рұқсаттама)/Жылу энергиясын есептеу аспабын техникалық тексеру актісі:
- түпнұсқа. Мекен-жайы: «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149-үй, тел. +7 (7182) 60-65-25.
6. Көпқұрылмалы есептеу аспаптарын қайта бағдарламалау актісі көпқұрылмалы есептеу аспабын орнатқан жағдайда «Павлодарэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы бойынша техникалық бақылау учаскесінің мөртаңбасымен:
- түпнұсқа. Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Катаев көшесі, 18-үй, 103 каб.
7. Жылу инспекциясының тексеру актісі жылу жүктелімінің Есеп айырысуымен:
- түпнұсқа. Мекен-жайы: «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149-үй, тел. +7 (7182) 60-65-82.
8. Электр энергиясын тұтынудың шарттық шамасы.
- Мекен-жайы: «Павлодар ЭТК» АҚ-ның шарттар бөлімі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 27-үй, 122 каб., тел. +7 (7182) 39-96-16.
9. Энергия жабдықтарын пайдалануға жауапты тұлғаға бұйрық – көшірме немесе
- энергия жабдықтарын пайдалануға жауапты тұлға бұйрығының көшірмесі – түпнұсқа.
10. 100 кВт жоғары жүктеме болған жағдайда энергия желілеріне энергия қондырғыларын қосуға Мемэнергияқадағалау органының рұқсаты:
- түпнұсқа/көшірме. Мекен-жайы: Мемэнергияқадағалау, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136-үй, тел. +7 (7182) 61-82-92.
11. Аккредиттивтік сарапшы ұйыммен берілген:
11.1. Кернеуге рұқсат беретін энергетикалық сараптаманың қорытындысы – түпнұсқа/көшірме.
11.2. Жылу тасымалдағышты беруге рұқсат беретін энергетикалық сараптаманың қорытындысы
(жаңадан іске қосылатын нысандарға) – түпнұсқа/көшірме.
12. Жаңадан қосылған және қайта жаңартылған объектілердің тұтынушылары үшін:
12.1. Энергия беретін ұйыммен келісілген объектіге жобалық құжаттама:
- түпнұсқа/көшірме. Мекен-жайы: «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149-үй.
12.2. Жылу техникасының есебі Зерттеу Актісі және Сауалнама парағымен (лицензиясы бар ұйым) – түпнұсқа/көшірме.