Кәсіподақ
Төлеубаев Балтабек Көбетайұлы
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі (ҚБ) «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энерожүйесі қызметкерлерінің 2007 жылғы 5 желтоқсанда ерікті түрде құрған қоғамдық бірлестігі.
Кәсіподақ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және қоғамдық бірлестіктің Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Кәсіподақ қызметінің негізгі мақсаты – өз мүшелерінің еңбек, кәсіби, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғау.
Жергілікті кәсіподақтың құрамында 2017 жылдың 1 қаңтарынан 11 кәсіпорын және 4,5 мың адам бар.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің кәсіподағы қызметкерлердің денсаулығын қорғауға және олардың бос уақытын ұйымдастыруға көп көңіл бөледі:
- «Энергетик» санаторий-профилакториінде емделу және жолдама құнының өтемақысын ұлғайту.
- Демалу үшін жағдайлар жасау.
- Компаниялар тобы кәсіпорындары қызметкерлерінің, олардың балаларының бос уақытын ұйымдастыру.
- «Энергетик» демалыс үйінің аумағында спорттық іс-шаралар өткізу (футбол, кросс, гиря, армреслинг, балық аулау).
- Балалардың жазғы лагерін ұйымдастыру.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің кәсіподағы кәсіподақ мүшелеріне санаторлық-курорттық емделуге, «Энергетик» демалыс үйіне демалуға, бассейнге баруға көмек көрсетумен байланысты сауықтыру іс-шараларын, спорттық жарыстардың күнтізбесіне сәйкес спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізеді:
- шаңғы кроссы;
- қысқы балық аулау;
- волейболдан біріншілік;
- шахмат-дойбы турнирі;
- мини-футбол;
- күзгі кросс;
- «Папа, мама, я – спортивная семья» спартакиадасы.
Кәсіподақ ұйымы мүшелерінің өмірлік деңгейін қолдау және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында қайырымдылық көмегі бөлінеді:
- кәсіподақ мүшесін және жақын туыстарын жерлеуге;
- ұзақ уақыт және қымбат тұратын емделуге;
- операцияға шыққан шығыстарға байланысты;
- көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1 қыркүйекке көмек.
Сауықтыру саласында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» кәсіподағы «Энергетик» санаторий- профилакторийіне және «Энергетик» демалыс үйіне жолдама, курсовкалар құнының орташа алғанда 25-30 %-ын өтейді.
«Энергетик» санаторий-профилакторийінде көрсетілетін қызметтер: Ø физиоемдеу; Ø шипалы батпаққа орау; Ø гидро ем-шаралар; Ø массаж; Ø ем-шара кабинеті; Ø жаттықтыру залы және көптеген тағы басқалар. |
«Энергетик» демалыс үйінде көрсетілетін қызметтер:
Ø мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу; Ø демалуға арналған үйлерді жалға алу; Ø сауна; Ø бассейн; Ø таза ауадағы спорттық ойындар. |
Байланыс ақпараты:
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ
140000 Павлодар қ., Кривенко көш., 27
Тел./факс: 8 (7182) 39 97 84
Электронды пошта: profkom_pv@bk.ru