«Тұтынушыларға оң қадам» акциясы

ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-да «Тұтынушыларға оң қадам» акциясы әрекет етеді

Бұдан бұрын жинақталған үлкен берешекті бірден төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрмыстық тұтынушыларға берешекті бөліп төлеу туралы келісім жасауды ұсынамыз.

Берешекті бөліп төлеу туралы келісім жасау үшін Тұрмыстық тұтынушы (пәтер иесі немесе осы мекенжай бойынша тіркелген тұлға) Кривенко көш., 27 мекенжайы бойынша 107-ші кабинетке кіріп, кеңес алып, кеңсе бөліміне (Кривенко көш., 27, №9 терезе, жұмыс күні сағат 8-30-дан 17.30-ға дейін) жазбаша өтініш қалдыруы қажет.

Өтінішке мына құжаттарды қоса беру қажет:

  1. меншік иесі туралы мәліметтері бар жылжымайтын мүліктен мекенжай анықтамасы (көшірмесі) немесе пәтерге құқық белгілейтін құжаттар (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, жалға алу шарты және т.б.). Анықтаманы Павлов көш., 48, Исиналиев көш., 24, Тәуелсіздік даңғ., 283/1 мекенжайлары бойынша «ХҚКО» РМК филиалдарынан алуға болады, жұмыс күні түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін. Анықтама жеке басын куәландыратын құжат негізінде әрбір тұрғынға беріледі. 
  2. жеке куәлік (көшірмесі);
  3. бастапқы жарнаны төлеу туралы түбіртек – соңғы кезең қарыз сомасынан 50%;
  4. өтініште баяндалған фактілерді растайтын құжаттар (еңбекақы туралы анықтама, мүгедектігі туралы құжаттар және т.б.).

15 жұмыс күн аяқталғаннан кейін өтініш беруші 39-98-02 телефоны арқылы өтініш бойынша қабылданған шешімді сұрап, 107 кабинетке келісім жасау үшін барады.