Бүгінгі таңда Екібастұз ЖЭО жобалық қуатқа шығарылды, станцияның жұмыс қабілеттілігін тек қолдап отыру ғана қажет. Жазғы жөндеу науқаны кезінде сегіз қазандық агрегатын күрделі жөндеу және екі қазандық агрегатын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төрт қазандық 100%-ға дерлік ауыстырылды. Мұның барлығы «Өркендеу» салалық журналистер клубының бастамасымен ұйымдастырылған «Екібастұз ЖЭО мысалында жылу энергетикасының бүгіні мен ертеңі» шеберлік сағатының барысында айтылды.
Бүгінгі таңда Екібастұз ЖЭО жобалық қуатқа шығарылды, станцияның жұмыс қабілеттілігін тек қолдап отыру ғана қажет. Жазғы жөндеу науқаны кезінде сегіз қазандық агрегатын күрделі жөндеу және екі қазандық агрегатын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төрт қазандық 100%-ға дерлік ауыстырылды. Мұның барлығы «Өркендеу» салалық журналистер клубының бастамасымен ұйымдастырылған «Екібастұз ЖЭО мысалында жылу энергетикасының бүгіні мен ертеңі» шеберлік сағатының барысында айтылды.
Екібастұз ЖЭО журналистер мен БАҚ редакторларына өз мысалында энергетиканың қыр-сырын түсіну бірегей мүмкіндігін беріп, есігін айқара ашты. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель станция басқармасының бас қалқанында ЖЭО құрылымын және жылу тасымалдағыштың Екібастұз тұрғындарының үйлеріне қалай жеткізілетінін егжей-тегжейлі түсіндірді.
- Екібастұз ЖЭО қаланың 5700-ден астам жекеменшік және 700 көпқабатты тұрғын үйлерін жылытады, бұл қаладағы жалғыз жылу көзі, - деп баяндады Олег Щемель. - ЖЭО ауқымды жаңарту жұмыстарының арқасында жылыту маусымын тұрақты режимде қамтамасыз етуде. Станцияның он қазандық агрегатының бесеуі резервте, тұрақты дайындық режимінде. Яғни бүгінде қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО қуаттарының жартысы жеткілікті.
Станцияның қазандық цехында Олег Щемель журналистерді жабдықтармен таныстырып, өткен жазғы жөндеу кампаниясының жетістіктері туралы айтып берді.
- Жалпы бір жыл ішінде станция жабдығының үштен бірі ауыстырылды, - деп түсіндірді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры. - Үш жаңа сорғыны орната отырып, су жылытқыш қазандығы ғимаратында желілік су құбырларын қайта құрылымдау, отын беру жабдықтарын жөндеу, № 2, 3 багер сорғылары жабдықтарын қайта құрылымдау жүргізілді. Төрт желілік су жылытқышын ауыстыру және екі желілік су жылытқышын күрделі жөндеу, толықтырулық су құбырын ауыстыру, химия цехының № 1 аккумулятор багін жөндеу, жалпы станциялық электр жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы жөндеу жұмыстары орындалды.
Сондай-ақ, журналистер «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ акционері Сергей Канға қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
- Станция жөндеуден өтті, - деп журналистердің ЖЭО-ның қазіргі жағдайы туралы сұрағына жауап берді акционер - Енді оның жұмысын тек қолдау ғана қажет.
Іс-шараның ең ауқымды бөлігі «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал өткізген журналистерге арналған шеберлік сағаты болды. Өзінің баяндамасы барысында ол заманауи энергетиканың жағдайы туралы айтып, тариф белгілеудің қыр-сырын түсіндірді, сондай-ақ жылу және электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу мәселелеріндегі негізгі түйінді тұстарды атап өтті.
Кәсіпорын қонақтары Павлодар облысындағы ең көне станцияның бай тарихымен танысып, олардың назарына экспонаттар, ақпараттық стендтер және станцияның бірінші директоры Георгий Маленковтың жеке заттары ұсынылды. Барлық қатысушыларға шеберлік сағатынан өткендігі туралы тиісті сертификаттар берілді.