Бюджеттік ұйымдар үшін
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының (бұдан әрі-Заң) 43-бабы 1-тармағы бойынша жария шарттарға жататын мемлекеттік сатып алулар туралы шарттардың жобалары мемлекеттік сатып алулар туралы үлгі шарттарға емес, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделеді.
Энергиямен жабдықтау шарттары ҚР қолданыстағы азаматтық заңнамасымен жария шарттарға жатқызылған (ҚР АК 482- б. 2-т.), веб-порталда Сіз ұсынған мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шартың жобасы Заңның 43-б. 1-т. бұзады. Осыған байланысты "Павлодарэнергосбыт" ЖШС-ға энергиямен жабдықтау жөнінде жария шарт ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуді сұраймыз, тараптар шартты қағаз тасығышта ресімдеген соң, Сізге шарттың скан-көшірмесіне автоматты түрде электронды цифрлық қол қойып, оны «шарттың типтік емес нысаны» бөлімде мемлекеттік сатып алулар порталына бекітіп орналастыру қажет. Шарттың қағаз тасығыштағы мекеме-кәсіпорын мөрімен расталған және қол қойылған данасын «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның мекенжайына қайтару қажет.
Тапсырыс беруші жария шарттың скан-көшірмесін веб-порталға орналастырғаннан кейін Жеткізушінің шартқа электронды цифрлық қол қою мүмкіншілігі ашылады.
Соңында мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында типтік емес шарттар нысандарын орналастыру мәселесі бойынша мемлекеттік сатып алулар порталын техникалық қолдау қызметіне порталда көрсетілген телефондар мен электронды адрестер бойынша жүгіну қажет екеніне Сіздердің назарларыңызды аударамыз.