2024 жылғы 10 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифі жоғарылады. Тұтынушылар бұл өзгерістерді наурыз айындағы есеп айырысу парақтарынан көре алады. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы тарифінің өсімі ең алдымен, электр энергиясын өндіру және беру үдерістері құнының өсуіне байланысты екендігін түсіндіреді.

 

Тариф кімдер үшін және қаншалықты жоғарылады?

  • Тұрғындар:

   Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушыларға арналған бірінші деңгейлі тариф: 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 13,71 теңгеден 16,32 теңгеге дейін 19,0 %-ға өсті.

Электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға арналған бірінші деңгейлі тариф: 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 13,38 теңгеден 15,92 теңгеге дейін 19,0 %-ға өсті.

       Екінші деңгейлі тариф 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 18,02 теңгеден 21,44 теңгеге дейін 19,0 %*-ға жоғарылады.

       Үшінші деңгейлі тариф 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 22,52 теңгеден 26,80 теңгеге дейін 19,0 %-ға жоғарылады.

  • Заңды тұлғалар үшін:

Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған тариф 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 23,10 теңгеден  27,56 теңгеге дейін 19,3 %-ға өсті.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған тариф 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 56,45 теңгеден 67,53 теңгеге 19,6 %-ға өсті.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын өндіретін заңды тұлғаларға арналған тариф 1 кВт/сағ үшін (ҚҚС-ты ескермегенде) 23,10 теңгеден 27,56 теңгеге 19,3 %-ға өсті.

 

- Бұл тарифтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 2 ақпандағы дәлелді қорытындысына сәйкес 2024 жылғы 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді, - деп баяндады «Павлодарэнергосбыт» ЖШС бас директоры Талгат Аргинов. - «Павлодарэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы тарифтері жоғарылауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл электр энергиясын өндіру тарифтерінің өсуі, бірыңғай сатып алушы «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС-нен электр энергиясын сатып алуға сату бағасының өсуі. Екіншіден, «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қ. Сәтбаев атындағы канал энергия беруші ұйымдарының желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтеріне шығындардың ұлғаюы. - Үшіншіден, «ҚазТрансОйл» АҚ-мен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын беру шартын жасасу. Төртіншіден, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС-нің электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету қызметі құнының жоғарылауы. Сонымен  қатар,  «KEGOC»  АҚ-ның ұлттық электр желісін пайдалану және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызметтері тарифтерінің жоғарылауы.

 

Тұрғындар үшін электр энергиясы тарифінің деңгейлері қалай есептеледі:

Бірінші деңгейлі тариф – Электр плитасын пайдаланатын тұтынушылар үшін 1 адамға айына 110 кВт*сағ-қа дейін тұтыну. Және электр плитасын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін 1 адамға айына 90 кВт*сағ-қа дейін тұтыну (ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес).

Екінші деңгейлі тариф – электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін 1 адамға айына 111 кВт*сағ-тан 180 кВт*сағ.-қа дейін тұтыну. Және электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін 1 адамға айына 91 кВт*сағ-тан 150 кВт*сағ-қа дейін тұтыну (ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес).

Үшінші деңгейлі тариф – электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін 1 адамға айына 180 кВт*-сағ-тан астам тұтыну. Және электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін 1 адамға айына 150 кВт*сағ-тан астам электр энергиясын тұтыну (ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес).

 

Жылу және электр энергиясы тарифтері туралы өзекті ақпарат «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сайтының басты бетінде жарияланған.