Компания туралы

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамы («ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Компания) вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, оған Павлодар облысының барлық қуатпен қамсыздандыру буындары (қуат ресурстарын генерациялау, тасымалдау және өткізу) кіреді. Кәсіпорын «Орталық-Азия электр-энергетикалық корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді.

Компания 2000 жылы құрылғаннан бері қызметін жүзеге асырып келеді. 2000 жылғы 15 қарашада «Солтүстік жылу желілері» ЖШС тіркелді, 2002 жылғы 25 маусымда ол «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ етіп өзгертілді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның құрамына төмендегі ұйымдар кіреді:

  • Павлодарская ТЭЦ-2;
  • Павлодарская ТЭЦ-3;
  • АО «Павлодарская Распределительная Электросетевая Компания»;
  • ТОО «Павлодарские тепловые сети»;
  • ТОО «Павлодарэнергосбыт».
  • ТОО "ЦАТЭК Green Energy"

Электр станцияларының белгіленген жалпы электрлік қуаты 665 МВтқұрайды, жылу қуаты бойынша белгіленген қуаты – 1486 Гкал/сағ. Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат – Екібастұз алабының тас көмірі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жалпы ауданы 124,8 тыс. км2 бар Павлодар облысының аумағын электр қуатымен қамсыздандырады.

Компанияның 2021 жылда шығарған электр қуатының көлемі 3 536 млн кВт·ч.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндіретін электр қуаты Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының нарықтарына жеткізіледі. Компанияның электр қуатын беру желілерінің ұзақтығы – 15 277 шақырым шамасында. Жылу желілерінің жалпы ұзақтығы – 754,15 шақырымнан астам.

Компания корпоративтік басқару стандарттарын белсенді түрде ендіруде, сондай-ақ Компания үнемі бизнес үрдістерді оңтайландырады және өндіріс, денсаулық сақтау салаларында және әлеуметтік салада өз қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру тәжірибесін жетілдіруде.