Компания жаңалықтары
Павлодарда электр желілері неліктен жер астына көшірілуде
Павлодарда энергетиктер электр сымдарын жер астына көшіруде. Жекеменшік тұрғын үйлер орналасқан үш ауданда құрылыс тығыздығына байланысты тұрғын үйлер қауіпті электр желілерінің дәл астында қалды. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуын жою мақсатында мамандар 10,5 километр электр желілерін жаңартып, қауіпті учаскелердегі электр сымдарын жер астындағы кабель арналарына көшіруде. Бұл электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Толығырақ

