Жалпы үйлік қажеттіліктер
Көп пәтерлі тұрғын үйде тұтынылатын электр энергиясы екі бағытта жұмсалады: әрбір пәтерге жеке және ортақ пайдаланылатын орындарға (баспалдақ алаңдары, төлелер, техникалық қабаттар, қоқыс қабылдайтын камералар, лифтердің, домофондардың жұмысы және т.б.). Жеке пәтерлер үшін электр энергиясы еспептеу аспабымен (санауышпен) есепке алынады. Жалпы үйлік қажеттіліктерге (ЖҮҚ) электр энергиясы бекітілген тариф бойынша электр желілерінің теңгерімдік тиесілік шекарасында орнатылған жалпы үйлік есептеу аспабымен есепке алынып, төлеуге ұсынылады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) иелері жалпы мүлік пен үйдің барлық шығындарын ұстауға қатысу міндетті. Әрбір меншік иесінің шығын мөлшері иеленген ауданға үйлесіліп белгіленеді.
Әрекет етуші заңнама бойынша ЖҮҚ төлемі туралы мәселе пәтер иелерінің жалпы жиналысымен белгіленіп, есеп айырысудың жүзеге асырылатын екі түрі қабылданады:
- Тұрғындар ЖҮҚ-ке тұтылған электр энергиясына тікелей «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ге өздері төлейді.
- ПИК ЖҮҚ-ке тұтылған электр энергиясына тұрмыстық тұтынушылардың жарнасынан төлейді.
- Сонымен бірге пәтер иелерінің жалпы жиналысында әрбір пәтерлердің ЖҮҚ-ке шығындары тұрғындардың санын, пәтерлердің ауданын (қатысу үлесін) негізге алып немесе барлық пәтерлерге біркелкі етіп үлестіріледі.
Осы мәселе бойынша меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімі хаттамамен ресімделіп, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ге ұсынылады.
Егер пәтер иелерінің жалпы жиналысы ЖҮҚ төлем құқығын пәтер иелерінің кооперативіне табыстаса, онда ПИК шығындар сметасында және тұрғындарға арналған түбіртекте «ЖҮҚ электр энергиясы» жеке жолын қарастыру тиіс, яғни кез келген жағдайда ЖҮҚ-ке электр энергиясына төлеу тұрғындарға жүктеледі, бұл жағдайда – ортақ, ПИК арқылы.
Кондоминиум объектілерін басқару органдары (ӨПИК, ЖШС, ЖК және т.б.) тұтынушылар сенім білдірген тұлғалар, қаланың коммуналдық қызметтерімен қарым-қатынас жасаушы өкілдер болып саналады, сондықтан олар жалпы үйлік қажеттілікке қойылатын электр энергиясын төлеу мәселесі бойынша тұтынушылар және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС арасындағы ара-қатынасты реттеуге міндетті.
Егер тұрғындар мұндай шартты «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-мен жасауға ПИК құқығын табыстамаса, онда ЖҮҚ-ке электр энергиясына есеп айырысу әрбір жеке пәтерге ұсынылады және тұрғындар тікелей «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-де өздері төлейді.
Есеп айырысудың кез келген түрінде пәтер иелерінің шешімі Заң талаптарына сәйкес келуі керек, атап айтқанда:
- шешім үй-жай (пәтер) иелерінің жиналысымен қабылданады;
- шешім үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы санынан екіден үш бөлігінен кем болмаған жағдайда қабылдануы тиіс;
- жиналыстың шешімі көпшіліктің дауысымен пәтер иелерінің жалпы санынан қабылданады;
- кворум болмаған жағдайда дауыс беру жазбаша сауал арқылы жүргізіледі;
- жиналыстың хаттамасына жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға жиналысқа қатысқан үй-жай (пәтер) иелерінің тіркелу парағы қоса беріледі.
Осы мәселе бойынша шешім қабылдаған кезде төмендегіні ескерген жөн.
Тұрғындардың тікелей «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ге ЖҮҚ-ке электр энергиясын төлеу кезінде тұрғындар мен «Павлодарэнергосбыт» ЖШС арасындағы қарым-қатынас тұрмыстық тұтынушының энергиямен жабдықтау шарты негізінде құрылады, берешек болған жағдайда әрбір пәтер иелері жеке жауапкершілік қағидаты бойынша жауапты.
ПИК арқылы ЖҮҚ-ке электр энергиясына төлеу кезінде тұтынушы мен «Павлодарэнергосбыт» ЖШС арасындағы қарым-қатынас кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт негізінде құрылады. Берешек болған жағдайда электр энергиясын ажырату ортақ пайдалану орындарының – подъездердің, лифтердің және т.б. электрмен жабдықтау тоқтатылады.
Есеп айырысудың кез келген сызбасында ЖҮҚ-ке нақты электр энергиясын ПИК емес, тұрғындар пайдаланады, сондықтан жеткізушіге электр энергиясын төлеу жауапкершілігі қазіргі уақытта «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-мен қарым-қатынаста жүзеге асырылған әрбір тұрмыстық тұтынушыға жүктеледі.