Жылу көздерінен жылумен сапалы қамту үйдің жылу деңгейінің жоғары болуына кепілдік бермейді. Кейбір көп қабатты үйлердің иелері жылыту деңгейінің төмендігіне байланысты шағымданып жатқан кезде, көршілес үйлер желкөздерін ашып, үйлерін желдетіп жатады. Бұның себебі жылумен жабдықтау желісі бойынша бірінші тұрған үйлердің ішкі жылумен жабдықтау жүйесінің дұрыс реттелмеуі. Жылу желілері қызметкерлерінің айтуынша, бұл мәселені шешу кешенді көзқарасты талап етеді.
Кестеге сәйкес, сыртқы ауаның минус 20-22 градус орташа тәуліктік температурасы жағдайында желілік су станциядан 98 градус температурамен шығады, қалыпты жылу тұтыну жағдайында ол жылу көзіне 54-56 градус болып оралуы керек, бірақ іс жүзінде 62-63 градус деңгейінде қайтады. Бұл қаланың босатылған жылуды тиісінше тұтынбайтынын және станцияға параметрлері жоғары техникалық суды қайтаратынын көрсетеді. Бұл кондоминиум нысандарының, тұрғын үй инспекциясының және қала тұрғындарының жауапкершілігі.
Қаладағы үйлер жылуға тізбектей жалғанған, сәйкесінше жылу көзіне жақын тұратын және жылу деңгейі тым жоғары тұтынушылар станциядан босатылған жылудың көп бөлігін өздеріне алып, оны қайтарады, ал олардан кейінгі үйлердің тұрғындары жылу деңгейінің төмендігін сезінеді. Тұрғындар бекітілген температура кестесі бойынша жылумен қамтылуы үшін барлық үйлерде жылудың тым қызып кетуіне жол бермеу қажет. Бұл жұмыс қызмет көрсетуші ұйымдардың жауапкершілігі болып табылады. Егер олардың өз мамандары болмаса, олар «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-не жүгіне алады. Жылу желілерінің қызметкерлері көмектесуге дайын.
«Бүгінгі күні жылумен қамтудың жетіспеушілігі туралы көптеген шағымдар үйішілік жүйелері дұрыс реттелмеген тұтынушылардан түсіп жатыр, олардың ішінде жылыту да, краннан шыққан ыстық су да бар. Біздің мамандарды үйішілік жүйені тексеруге шақырған кезде, олар үйдегі судың температурасы 70, 78 градус екенін анықтайды. Нормативтік талаптарға сәйкес ыстық судың температурасы 55, ең көп дегендеі 60 градустан аспауы тиіс. Яғни, жылу мақсатына сай жұмсалмайды. Бұл ыстық сумен жабдықтаудың штаттан тыс режимі. Сонымен қатар, көптеген пәтерлерде полипропилен құбырлар орнатылған, олар мұндай температура режиміне төтеп бере алмайды. Егер үйішілік жүйе тиісінше реттелсе, онда жылумен жабдықтау да, ыстық су да жеткілікті деңгейде болады. Сонымен бірге біз тұтынушылардың да шетте қалмауын сұраймыз. Батареялар шамадан тыс қызып, ыстық су температурасы тым жоғары болған жағдайда, мәселені бақылауға алу үшін қызмет көрсетуші ұйымдарға хабарласқан жөн. Бұл краннан қайнаған су ағып, батареяларда жылу жетіспейтін жағдайларды болдырмауға септігін тигізеді», - деп «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің бас инженері Сергей Панихин жағдайға түсінік берді.
Сонымен қатар, жекеменшік секторда ерекше жағдай туындады. Адамдар рұқсат етілмеген айдау жабдықтарын орнатып, жылу желілеріне тікелей қосылуды жалғастыруда. Жылу желілерінің қызметкерлері жекеменшік үйлердің тұрғындарымен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаладағы заңды тұлғаларға келсек, бәрі ойдағыдай. Олар «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің ұйғарымдарына сәйкес алдағы жылыту маусымына объектілерді дайындауда. Тұрғын үйлер қоры мәселесі біршама қиындау. Мәселелердің бірі - көп қабатты үйлер тұрғындарының жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесіне өзгерістер енгізуі. Радиаторларды дұрыс емес кірістіру, балкондар мен лоджияларға рұқсатсыз орнату, жылу желілерінен еденді жылыту. Мұның барлығы ішкі жылыту жүйесінің теңгерімсіздігіне әкеледі. Мұндай тұтынушылардың көршілерінде жылу деңгейі төмен болады. «Павлодарские тепловые сети» ЖШС кәсіпорында әр пәтерді тексеріп өту үшін мамандардың жетіспейтіндігін де атап өтті.
«Осыған орай қызмет көрсетуші ұйымдар да шетте қалмауы керек. Бұл мәселені бақылауда ұстаған жөн. Мысалы, тұрақты негізде төмен температуралар жағдайында кері желілік су температурасы туралы ақпаратты бізге жолдау қажет. Бұл жылу желілері қызметкерлеріне тиісінше әрекет етуге мүмкіндік береді. Кері желілік су температурасы біз үшін негізгі көрсеткіш болып табылады, ол арқылы біз қандай үйдің қанша жылуды тұтынатынын қадағалай аламыз. Сонымен бірге үйішілік жүйені өздігінен өзгерту туралы уақытылы хабардар ету қажет», - деп қорытындылады Сергей Панихин.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердің өздерінің де қанағаттанарлықсыз жағдайы өзекті мәселе болып табылады. Жылу желілерінің қызметкерлері тұрғын үйлердің құрылымдарын жылу сақтау деңгейіне тексереді, көп жағдайда көп қабатты тұрғын үйлердің панельдеріндегі саңылаулардың болуына байланысты үлкен жылу шығыны орын алуда. Бұл әсіресе 70-80 жылдарда салынған ғимараттарда байқалады. Мұндай көпқабатты үйлердің тұрғындары тұрғын үйді жылулық оқшаулау бойынша ұсынымдарды да назардан тыс қалдырады.
Бас инженердің айтуынша жылуды гидравликалық режиммен жеткізудің техникалық мүмкіндігі жоқ аудандар бар. Алайда, сол аудандарда да мамандар жылу беруді нормативті параметрлерге сәйкес және тұрғындар үшін ыңғайлы деңгейде реттеуде. Бұл жұмыстар тұрғын үй инспекциясымен және қала әкімдігімен бірлесіп тұрақты негізде жүргізіледі. Егер үйдің қызмет көрсетуші ұйымы болмаса немесе ол мүлік иелерінің бірлестігі түрінде болса, тұтынушылар "Павлодарские тепловые сети" ЖШС-не жүгініп, үйлерге қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуы мүмкін. Бүгінгі күні жылу желілері 40 үйге қызмет көрсетіп, үйішілік желілерді тиісті жағдайда ұстап, үйдегі жылу беру жүйесін реттеуде.