Жылу және электр энергиясы үшін қарыздар - көптеген энергетикалық компаниялардың проблемалық мәселесі. Бүгінгі күні «Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларының электр энергиясы үшін берешегінің жалпы сомасы 2 342 068 мың теңгені құрайды, оның ішінде мерзімі өткен 483 777 мың теңге, жылу энергиясы үшін 1 080 591 мың теңге, оның ішінде мерзімі өткен 927 533 мың теңге.
Тұтынылған энергия үшін төлемнің кешеуілдеуі кезінде тұтынушылар атайтын бірнеше себептер бар, оның ішінде ауыр материалдық жағдай, тұтынылған энергия үшін есептеумен келіспеушілік, ұмытшақтық, ҚР шегінен тыс кету, шоттарға тыйым салынуы, принципті түрде қызметтерді төлеуге келмеу және т. б.
Сонымен қатар, тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу мерзімдері электрмен жабдықтаудың үлгі шарттарында белгіленген. Тұрмыстық тұтынушылар төлемді есептеуден кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді. Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем жүргізеді. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар электр энергиясын ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін төлейді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес төлем болмаған жағдайда, энергия беруші ұйым электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады. Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға хабарламаны электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, мессенджер бойынша хабарлама жіберу арқылы жазбаша түрде ескертеді.
Электр энергиясы үшін төлемнің мерзімі өткен жағдайда тұтынушыға ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1 еселенген мөлшерінде, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес жылу энергиясы үшін төлем мерзімі өткен жағдайда ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС борышкерлеріне қатысты тұтынылған энергия мен қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы атқару жазбасын жасау туралы өтініштерді нотариустарға жолдау арқылы дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сот орындаушылары қозғаған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерлерге қатысты мынадай шаралар қолданылады: борышкердің банктік шоттарына тыйым салу; жалақыдан және зейнетақыдан өндіріп алу; ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу; мүлікке тыйым салу (иеліктен шығаруға тыйым салу). Сондай-ақ, заңды күшіне енген сот шешімдерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Павлодар облысының Әділет департаментіне, сондай-ақ борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полиция департаментіне ұсыныстар жолданады.