Зиянды заттар шығарылуын талдау

Техникалық регламенттің талаптарын сақтау үшін және кәсіпорынның өндірістік үрдістерінің қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тигізетін әсерін барынша азайту үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ-ның еншілес компаниялары қоршаған ортаға эмиссияларды мүмкіндігінше төмендету жөніндегі табиғатты қорғау іс-шараларын әзірледі.

Компания түтін газдарын тазалаудың жетілдендірілген жүйесін әзірлеп, ендіруде, атап айтқанда, қазіргі күлтұтқыштарды, яғни ылғалды скрубберлерді жоғарыға төселетін вентури құбырларымен алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылғылардағы күлтұту тиімділігі 97%-ды, ал әр қазандыққа орнатылатын екінші буынды батареялық эмульгаторлары бар құрылғылардың өнімділігі 99,5%-ды құрайды.

Күлтұтқыштарды жаңартудың арқасында көмір күлінің концентрациясын 250-300 мг/м3 шамасына дейін төмендетуге және қандай да бір қондырғыларсыз күкірт оксидтерінің мөлшерін 5-15%-ға азайтуға болады.

Кәсіпорындағы өндірістік үрдістердің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізетін әсерін барынша азайту мақсатында табиғатты қорғау іс-шаралары әзірленіп, Қоршаған ортаны қорғау агенттігінде бекітілді.

Зиянды заттар шығарылуын талдау