Есепке алу аспаптары

«Электр энергиясын пайдалану ережесінің» 7-тарауына сәйкес «тұтынылған электр энергиясын есептеу үшін электр энергиясын тұтынушылардыңэлектр қондырғылары қажетті коммерциялықесепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі тиіс». Және коммерциялықесепке алу құралдарыныңтексеруге құқығы бар ұйымныңалғашқы және кезеңдік тексергені туралы таңбасы болуы тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясын есепке алудыңмына түрлері әрекет етеді:

  • электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай электр энергиясын есепке алуды жүзеге асыратын бір мөлшерлемелік есепке алу құралдары;
  • тұтынудың(күндізгі және түнгі тұтынудың) қос аймақтықесепке алу жүйесі мен тұтынудың(күндізгі, кешкі және түнгі тұтынудың) үш аймақтықесепке алу жүйесі бойынша электр энергиясын есепке алуды жүзеге асыратын көп мөлшерлемелік есепке алу құралдары.

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес, электр энергиясын тұтынудыңкөлеміне қарай тарифті саралау энергия ресурстарыныңтапшылығы жағдайларында электр энергиясын үнемді тұтыну бойынша міндеттерді шешу мақсатында барлықжерлерде қолданылады.

Жеке тұлғалардыңбір мөлшерлемелік те, көп мөлшерлемелік те есепке алу аспаптарын орнатуға құқығы бар. Тәулік аймақтары бойынша электр энергиясын тұтынуды жеке-жеке есепке алуға мүмкіншілік беретін көп мөлшерлемелік есепке алу аспаптары бар болғанда, электр энергиясы тәулік уақытына байланысты тарифтер бойынша төленуі тиіс.

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы 19-б. 3-т. сәйкес заңды тұлғалар тұтынылған электр энергиясын есепке алудыңүш аймақтықжүйесін пайдаланып, тәулік аймақтарына сараланған тарифтер бойынша төлеуге міндетті.

«Жеке тұлғалар» санатына жататын тұтынушылар ғана бір мөлшерлемелік есепке алу аспаптарымен қатар көп мөлшерлемелік есепке алу аспаптарын құру құқығын иеленеді. «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы 19-б. 3-т. сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алушы, заңды тұлғалар болып табылатын тұтынушылар тұтынылған энергия үшін төлемді тәулік аймақтарына сараланған тарифтер бойынша жүргізуге міндетті.