2013 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ негізгі өндірістік қорларды жаңғыртуға 7 млрд. 610 мың теңге инвестициялады. Ауқымды инвестициялық бағдарлама аясында компанияда электростанцияның негзгі және көмекші құрылғыларын қайта құру, жаңа агрегаттарды қондыру, электр және жылу энергиясы технологиялық сызбасының материалдарын өалпына келтіру, сондай-ақ, қоршаған ортаға әсерді төмендету мәселелері шешілуде.
2009 жыл Қазақстан энергетиктері үшін аумалы-төкпелі кезең болды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекті тарифтерді бекіту туралы»қаулысы қабылданып, бірнеше жыл бойы елдің энергетика саласына инвестиция құйылуына мүмкіндік туғызды. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет энергетиктерді тарифтерді бекітуден түскен пайданы саланы қайта құрып, жаңғырту ісіне жұмсауға міндеттеді. Бұл істі бақылау Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мысалында, инвестициялық бағдарлама аясында 2009 жылдан бері жалпы құны 29 354,8 млн теңгеге бірнеше ірі жоба жүзеге асырылды. Екібастұз ЖЭО-нда №1 турбина, 3-ЖЭО-нда №1 турбина мен №1 қазандық, 2-ЖЭО-нда градирня сынды бірқатар нысандар салынып, пайдалануға берілді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Леонид Ларичевтің сөзіне сүйенсек, бұл шараларды жүзеге асыру жылу қуатының резервін қалыптастырып, қосымша электр қуатын ендіруге және станция құрылғылары жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгіннің өзінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 3 ЖЭО-ның жалпы қуаты инвестициялық бағдарлама нәтижесінде кеңестік дәуірде жеткен ең жоғарғы көрсеткіштен асып түсті деп сенімді түрде айтуға болады.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы 2013 жылға арналған келісімге сәйкес, Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО, Екібастұз ЖЭО бойынша инвестициялық міндеттемелердің құны 7 601,302 млн. теңгені құрады. 24 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 7 610,956 млн. теңге жұмсалды. Ең ірі жұмыс көлемі Павлодар 3-ЖЭО-нда атқарылған – 5 946,353 млн. теңге. 2-ЖЭО-нда 935,690 млн. теңгеге 7 жоба іске асырылған. Екібастұз ЖЭО-ның құрылғыларын жаңғыртып, қайта құруға 2013 жылы 728,913 млн. теңге жұмсалды.
«2013 жыл қорытындысы бойынша, 2013 жылғы инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі келісімге сәйкес, «Электр энергетикасы туралы»» ҚР заңына сай, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қабылдаған міндеттер толық көлемде орындалды», – дейді Леонид Ларичев.
Ең ірі деген инвестициялық жобалар 2013 жылы Павлодар 3-ЖЭО-нда жүзеге асырылды және басталды. Солардың бірі – №5 станциялық Т-110/120-130 турбоагрегатын жоғарғы қысым цилиндрін және орта қысым цилиндрінің роторын ауыстырып, қуаттылығын 125 Мвт-қа көтеріп, қайта құру жұмысы болып табылады. 2013 жылы аталған шара бойынша жоспарланған міндеттердің 1 258,641 млн. теңге бөлігі игерілді. Екатеринбург қаласындағы «Орал турбиналық зауытымен» арадағы келісімге сәйкес, алдын ала төлем жасалды. Турбинаның жаңғыртылған құрамдас бөліктерін әкелу уақыты – 2014 жылдың мамыр-маусымы. Т-110/120-130 турбоагрегатын қайта құрудың жалпы құны – 5 млрд. теңгеден астам.
Бұдан бөлек, 3-ЖЭО-нда №2 станциялық жаңа ПТ-65/75-130/13 бу турбинасы орнатылады. 2013 жылғы келісімге сәйкес жоспарланған міндеттердің 1 476,7 млн. теңгеден 1510,78 млн. теңге бөлігі игерілді. Бағаның көтерілуі курс айырмашылығын ескергенде нақты өтемақы құнының өзгеруімен байланысты. Турбина Екатеринбург қаласындағы «Орал турбина зауыты» ААҚ-нда әзірленіп, Павлодарға 2014 жылдың күзінде жеткізіледі. Сондай-ақ, жаңа турбинамен қатар жұмыс жасайтын ТФ-80-2УЗ турбогенераторы сатып алынды. Оған «ЭЛСИБ» ААҚ-на 824,978 млн. теңге төленді.
2013 жылы №3 станциялық БКЗ-420-140 қазандық агрегатын қайта құрудың бірінші сатысы атқарылды. Ондағы мақсат – NОх (азот оксиді) шығарылымдарын азайту, пайдалы әсер коэффициентін көтеру және технологиялық процессті автоматты басқару жүйесін орнату арқылы сенімділікті арттыру болатын.
Бұл бағыттағы 2013 жылға жоспарланған келісімге сәйкес, 1 564,736 млн. теңгенің 1 515,858 млн. теңгесі игерілді. Бағаның 48,878 млн. теңгеге азаюы техникалық пайдаланудың жаңа ережесі шығуына және қазандықтардың ауа жылытқыштарындағы температураның 70 Со- ден 50 Со –ге төмендеуі себеп болды. Зауытпен қосымша келісім жасалып, жеткізілетін құрылғылар саны өзгертілді.
2013 жылы 3-ЖЭО күл аулағышы құрылысының 2-кезеңі басталды. 2013 жылғы келісімге сәйкес, аталмыш шара бойынша жоспарланған міндеттемелер бойынша 351,364 млн. теңгенің 351,884 млн. теңгесі игерілді. Құрылыс құнының 61,976 млн. теңгеге өзгеруі бірінші кезекте күл аулағыштың 1-кезең жұмыстарын атқару қажеттілігімен байланысты болды.
Павлодар 2-ЖЭО өз жұмысын 1961 жылы ақпанда бастадған. Бүгінде оның негізші құрылғыларының ескіруі деңгейі 80,8%-ға жеткен. Сондықтан инвестициялық бағдарламаның негізгі міндеті – негзгі және көмекші қондырғыларды қайта құрып, қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету болып табылады. 2013 жылы мұнда күл аулағыштың 2-кезегінің құрылысы басталды. 2013 жылғы келісімге сәйкес, бұл шара бойынша жоспарланған 576,491 млн. теңгенің 573,166 млн. теңгесі игерілді. Құнның 3,325 млн. теңгеге төмендеуі материалдарды жеткізу нарығымен жұмыс жасауға, алынатын материалдардың көлемін 28,539 млн. теңгеге азайтуға және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін 25,051 млн. теңгеге көбейтуге байланысты болды.
Екібастұз ЖЭО – Павлодар аймағы энергетикасының «тұңғышы». Жылуэлектрорталығының турбинасы кеншілер қаласына алғашқы энергияны 1956 жылы берді. Содан бері станция Екібастұз қаласы тұрғындары үшін жалғыз жылу беру көзі болып табылады. 2013 жылы Екібастұз ЖЭО-нда жалпы құны 723,475 млн. теңгеге 5 жоба жүзеге асырылды. Ең қымбат жоба №6 станциялық қазандықты қайта құру жобасы болып, оған 547,469 млн. теңге жұмсалды. Бұдан бөлек, күл аулағыштың 2-кезең жұмыстары басталып, №3 түтін тұрбасын қайта құру жұмыстары жүргізілді, жаңа автоматты телефон станциясы орнатылды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» үшін қазандықтарда жаңа заманғы эмульгаторларды орнату бірінші жылғы тәжірибе емес.
«2013 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның барлық жұмыс жасап жатқан энергетикалық қазандықтарында күлаулағыш қондырғыларын қайта құру жұмыстары аяқталды. Оларға екінші деңгейлі батареялық эмульгаторлар орнатылды, – дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары, – Бұл зиянды күл шығарылымын 5 есеге азайтты. Қазіргі таңда күл аулағыш қондырғылар 3-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығында, 2-ЖЭО-ның 5 қазандығында және Екібастұз ЖЭО-ның 4 қазандығында орнатылды».
Электр энергиясына шекті тарифтер саясатын жүзеге асыру өзінің оң нәтижелерін беруде. Генерациялық станциялар жаңғыртылып, кәсіпорынның инвестиция көлемі жыл санап артуда.
Осылайша, 3-ЖЭО-ндағы №4 станциялық қазандық агрегатты және 2-ЖЭО-ндағы №5 станциялық қазандықты қайта құру ауа жылытқыш пен бу жылытқыштардың сенімділігін арттырып, бу өндіруді номиналды деңгейге жеткізді; 2-ЖЭО-ндағы (№1 станция) бесінші қазандықта күл аулағышты қайта құру түтінді күлден тазарту деңгейін 97 пайыздан 99,5 пайызға көтерді; АТС-ты ауыстыру технологиялық басқару процесін жетілдіріп, жұмыс сенімділігін арттырды.
2014 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен арадағы инвестициялық келісімге сәйкес, жалпы ұүны 8 млрд. 88 млн. 365 мың теңгенің инвестициялық шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл қаражат негізгі және көмекші құрылғыларды жаңғыртуға, станция құрылғыларының парктік ресурсын қалпына келтәруге, Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО табиғат қорғау жұмыстарына жұмсалады.
Алайда айта кету керек, Үкімет қаулысының күші 2015 жылы аяқталады. Сондықтан шекті тарифтер бағдарламасы компания құрылғыларын жаңғыртуды қаржыландыруының жалғыз көзі болып табылмайды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға несие, шетелдік инвестиция және акционер – «Орталық Азия Электроэнергетикалық корпорациясы» АҚ-ның өз қаржысы да жұмсалуда.
«Біз өз жұмысымызда ашықтық, мөлдірлік, қолжетімділік принциптерін ұстанамыз, – дейді Лелнид Ларичев. – Компания жайлы ақпарат, инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы www.pavlodarenergo.kzсайтында жарияланып тұрады. Осында «Кері байланыс» қызметі іске қосылған. Ол арқылы қалаған кез-келген сұрақтарыңызға тиісті жауаптарыңызды алуға болады. Энергетиктердің басты міндеті – павлодарлықтар мен екібастұздықтардың үйінде жылу мен жайлылық орнату болып табылады. Ол үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 6 мыңға жуық қызметкері күніне 24 сағат үздіксіз жұмыс жасайды».
Сәбит Абзалов