Экологиядағы бағыт

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында Компанияның Даму стратегиясында айқындалған қызметінің басым бағыттарының бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Қоғам таза жылу және электр қуатын тұтынуға, табиғат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және болдырмауға мүдделі.

Компанияда 2008 жылдан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қаржыландыратын жобалар бойынша қоршаған ортаны қорғауға қатысты ЕҚДБ саясатына сәйкес инвестициялық бағдарламаның аясында жүргізілетін Экологиялық және әлеуметтік іс-әрекеттер жоспары (ESAP) жыл сайын іске асырылады. 

Экологиялық және әлеуметтік іс-әрекеттер жоспары – Компанияның экологиялық параметрлерін жетілдіруге және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында еңбекті қорғауға бағытталған жобаларды сипаттайтын көпшілік құжат. Компания жыл сайын көпшілік алдында ESAP аясында жасалған жұмыс туралы есеп береді.  

Компанияның барлық кәсіпорындары шығарылатын қалдықтардың заңнамада бекітілген шекті нормалары бойынша жұмыс істейді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қазақстанда ISO 14000 сериясының халықаралық экологиялық стандарттарына сәйкестік сертификатын бірінші болып алған компаниялардың бірі.

Жақын арада ISO 14001 стандартына (Қоршаған ортаны қадағалау жүйесі) сәйкестігін растау мақсатында қайта сертификаттаудан өту, сондай-ақ ISO 9001 (Сапаны басқару жүйесі), OHSAS 18001 (Гигиенаны және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі), ISO/1EC17025:2005 (Сынақ жүргізумен және калибрлеумен айналысатын зертханалардың құзыретіне қойылатын жалпы талаптар) серияларының сертификаттарын алуға дайындалу жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаның ластануын болдырмау – электр және жылу қуатын өндіру барысында оперативтік қызмет жөніндегі барлық шешімдерді қабылдаған кезде Компанияның негізге алатын принципі. Жаңа технологияларды енгізген кезде олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің деңгейі және энергетикалық, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі бағаланады.

Компанияның экологиялық саясаты «Орталық-Азия Электр-энергетикалық Корпорациясы» АҚ Компаниялар тобының аясында жалпыға ортақ әзірленген Экологиялық және әлеуметтік іс-әрекеттер жоспарында қойылған міндеттердің негізінде, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздігі концепциясына, экология туралы кодекске және ISO 14000 стандарттарына сәйкес әзірленіп, енгізілді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ іске асыратын қоршаған ортаны қорғау жобалары
  • 2009 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде барлық станцияларда екінші буынды батареялық эмульгаторларды орнату арқылы күлтұтқыш құрылғыларды (КҚ) қалпына келтіру жұмыстары жасалды. ЖЭО-2 кәсіпорнында күлтұтқыш құрылғылары үш қазандық агрегатына, ЖЭО-3 кәсіпорнында төрт қазандық агрегатына, ЭЖЭО кәсіпорнында үш қазандыққа орнатылды. Жүргізілген іс-шаралар тазарту дәрежесін арттыруға және осының нәтижесінде шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Барлық қазандық агрегаттарына батареялық эмульгаторларды орнатқаннан кейін тазарту тиімділігі 99,4%-ға дейін өседі. Бұл бағдарлама 2013 жылға дейінгі кезеңге арналған.
  • Станцияның технологиялық циклының және күл-қоқыс қалдықтарын жинау үрдісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында келер 7 жылда Павлодарлық ЖЭО-2, ЖЭО-3 кәсіпорындарында жаңа күл үйінділерін салу жұмыстары жүргізілетін болады. ЖЭО-2 және ЖЭО-3 кәсіпорындарында жаңа күл үйінділерін салу жөніндегі ұсынылатын жобалар жеті жыл ішінде күл-қоқыс қалдықтарын жинауды қамтамасыз етіп қана қоймай, болашақта жобаланатын күл үйінділерін көбейтуге мүмкіндік беретін болады.
  • Күл үйінділерін пайдалану аяқталғаннан кейін топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру (рекультивациялау) жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Топырақты рекультивациялау жұмыстарының кешені техникалық және биологиялық рекультивациялау болып екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде қалпына келтірілетін жердің аумағын 20 см-лік қуаты бар минералдық топырақпен, осыдан кейін 15 см-ге дейінгі қуаты бар, өсімдіктің өсуіне қолайлы топырақпен (топырақтың құнарлы қабатымен) жабу көзделген. Екінші кезең – көпжылдық шөптер егу. Шөп жабыны үйіндінің қоршаған ландшафтқа араласып, бірігуіне септігін тигізеді, эрозияның дамуын болдырмайды және топырақтың жоғарғы қабатында қарашіріктің қалыптасуына үлесін қосады.
  • Компанияның станцияларындағы қазандық жабдығын және турбиналық жабдықты жаңартудың арқасында бір гигакалорияны өндіруге жұмсалатын қуаттың көлемі 3 кг шартты жанармайға дейін қысқарады. 

 

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ экологиялық қауіпсіздік сенім телефоны
+7 (7182) 399-701