Сұрақ-жауап

Құрметті сайтымызға келушілер!

Бұл бөлімде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының: «Павлодар ЭТК», Павлодар және Екібастұз жылу желілері, «Павлодарэнергосбыт» қызметіне қатысты жиі.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС шот-түбіртегі бойынша төлемді іске асыру

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС шот-түбіртегі бойынша  төлемді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің сервистік орталықтары мен кассалары арқылы іске асыруға болады. Олар Павлодар қаласында келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:  Кривенко көш., 27,  Ак. Сәтбаев көш., 101, Ломов көш., 160,  Кривенко көш., 25. Сонымен бірге «Павлодарэнергосбыт» ЖШС –нің төлемдерді қабылдау бекеттеріндегі төлем терминалдары арқылы төлеу мүмкіндігі бар: Павлодар қаласында Кривенко көш., 27, Ак. Сәтбаев көш., 101, Ломов көш., 160 мекенжайлары бойынша; Екібастұз қаласында: Әуезов көш., 153, М. Жүсіп көш., 42 мекенжайлары бойынша.

Екінші деңгейлі банктер арқылы:  «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Forte Bank» АҚ,  «First Heartland Jýsan Bank» АҚ және «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, «Astana-Plat» ЖШС, «QIWI Kazakhstan» ЖШС, «RPS-Asia» ЖШС  төлем жүйелері/терминалдары арқылы және «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Homebank.kz),  «Bereke Bank» АҚ (Sber KZ) банктерінің қосымшалары арқылы қабылданады.

Электр энергиясы есептеуіштері мен ыстық су есептеуіштері бойынша көрсеткіштерді жолдау тәсілдері

Павлодар қ.,  Мойылды,  Ленин, Павлодар, Кенжекөл ауылдары бойынша есептеуіш көрсеткіштерін ай сайын әр айдың 20-нан 30-на (31) дейін (демалыссыз) сағ. 8:00-ден 22:00-ге дейін 90-33-09 және 8-701-031-73-23 (ұялы) телефондары бойынша, өтініш бойынша Кривенко көш., 27 мекенжайындағы көрсеткіштерді қабылдауға арналған жәшікке, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларының Жеке кабинетіне жолдай аласыздар.

WhatsApp мессенджері бойынша,  SMS (тел. 8-701-351-94-74) арқылы, kps@pavlodarenergo.kz электрондық поштасына жіберуге болады, бұл ретте төмендегі ақпаратты қоса ұсыну қажет:

  1. Мекенжайы және дербес шоты;
  2. Электр энергиясы есептеуішінің нөмірі және электр энергиясы есептеуішінің көрсеткіштері;
  3. Ыстық су есептеушінің нөмірі және ыстық су есептеуіші бойынша көрсеткіш;
  4. Байланыс телефон нөмірі (kps@pavlodarenergo.kz үшін).

Ақсу қаласы және Ақсу ауданы бойынша электр энергиясының көрсеткіштері  9-02-70 телефоны бойынша әр айдың 20-нан 31-не дейін (демалыссыз) сағ. 8:00-ден 20:00-ге қабылданады. Көрсеткіштерді қабылдауға арналған электрондық пошта жоқ.
Екібастұз қаласының тұтынушылары есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін төмендегі тәсілдермен жолдай алады:

  1. Жылу (ЧЖФ) көрсеткіштері 28-07-82 телефон нөмірі бойынша әр айдың 20-нан 28-не дейін дүйсенбі – жұма аралығында сағ. 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.
  2. Ыстық сумен қамту:

-  76-46-69, 76-46-62, 76-38-44, 76-38-45 телефондары бойынша әр айдың 20-нан 31-не дейін дүйсенбі-жұма аралығында сағ. 8:30-дан 17:30-ға дейін, сенбі күні сағ. 8:30-дан 14:00-ге дейін қабылданады. Жексенбі – демалыс күні;

- pokgvs@pavlodarenergo.kz электрондық поштасы бойынша әр айдың 20-нан 31-не дейін тәулік бойы қабылданады, бұл ретте төмендегі ақпаратты ұсыну қажет:

1) Мекенжайы және дербес шоты.

2) Ыстық су есептеушінің нөмірі және ыстық су есептеуіші бойынша көрсеткіш;

-  WhatsApp мессенджері арқылы  +7 (701) 029-23-19 (ЖТ үшін), +7 (701) 309-40-55 (ЗТ үшін) телефондары бойынша әр айдың 20-нан 31-не дейін тәулік бойы, төмендегі ақпаратты ұсына отырып жолдауға болады:

1) Мекенжайы және дербес шоты/коды.

2) Ыстық су есептеушінің нөмірі және ыстық су есептеуіші бойынша көрсеткіш.

Тұтынушы жылу тұтыну қондырғысына өз бетімен қосылғаны үшін есептеу қалай жүргізіледі?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің» 38-тармағына сәйкес тұтынушы желі суын рұқсатсыз алған, жылу тұтыну қондырғысына өз бетімен қосылған, тұтынушы коммерциялық есепке алу құралдарын бүлдірген, есептеу торабында орнатылған пломбалар бұзылған немесе болмаған жағдайда энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйым өкілдерімен акт жасалады, оның негізінде тұтынушымен пайдаланылған жылу энергиясының көлемінде қайта есептеу жүргізіледі.    

Ыстық су бойынша қайта есептеу жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу жүйесі үшін жылыту маусымының басынан бастап осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлар байқалған сәтке дейін жүргізіледі. 2015 жылғы 27 наурыздағы  Жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгілік шарттың 14-тармағына сәйкес тұтынушы жылу тұтыну жүйесіне өз бетімен қосылған кезде тұтынушымен пайдаланылған энергияның екі есе көлемінде қайта есептеу жүргізіледі.

Акт энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің және тұтынушының немесе оның өкілінің қолы қойылған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ құрамында кемінде үш адам бар комиссиясы ресімдеген жағдайда жасалады. Көп қабатты ғимараттарда комиссия құрамына кондоминиум нысанының өкілі кіреді.

Жылу энергиясын есептейтін құрал бойынша көрсеткіштер жоқ болған кезде жылу энергиясына есептеу қалай жүргізіледі?

2015 жылғы 27 наурыздағы №266 «Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шарттың» 10-тармағына сәйкес   Тұтынушының кінәсінен екі есеп айырысу кезең ішінде коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкіндігі болмаған кезде және бұл ретте тұтынушы өзінің тұтынған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметті энергия беруші ұйымға ұсынбаса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым өткен жылдың осыған ұқсас кезеңі үшін нақты тұтыну бойынша кейін қайта есеп айырысу жүргізе отырып, жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша есеп жүргізуге құқылы. 

Егер өткен жылдың ұқсас кезеңіне көрсеткіштер болмаса, есептеу жылыту және ыстық сумен жабдықтауға кеткен жылу энергиясының шығын нормалары бойынша жүргізіледі. 

Сізден электр және жылу энергиясына есептеу жүргізу үшін көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерге дербес есепшот ашуыңызды сұраймын.

Көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерге дербес есепшот ашу үшін Сізге мынадай құжаттар ұсыну қажет:

  • ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетімен тіркелген жылжымайтын нысанға құқық белгілейтін құжат көшірмесі; 
  • жеке меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі; 
  • пәтердің техникалық жоспар көшірмесі;
  • электр энергиясын есептеу құралының қабылдау актісі; 
  • ыстық суды есептеу құралын пломбалау актісінің көшірмесі;
  • пәтерде тұратын тұлғалардың барлығына берілген тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы немесе пәтер меншік иелері кооперативінің мөрімен расталған тұратын жеке тұлғалар саны туралы анықтама.
Пәтерді сатып алуға байланысты Сізден пәтер меншік иелерінің Т.А.Ә. бойынша өзгерту енгізуіңізді сұраймын.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның деректер қорына пәтер меншік иесінің Т.А.Ә. бойынша өзгерту енгізу үшін Сізге ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетімен тіркелген жылжымайтын нысанға құқық белгілейтін құжат көшірмесін Павлодар қ., Кривенко көш., 27 немесе Ломов көш., 160 мекенжайлары бойынша  «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның Сервистік орталығына (жұмыс күндері сағ. 830-дан 1830-ға дейін) ұсыну қажет. 

Пәтерде тіркелген тұлғалар саны «Павлодарэнергосбыт» ЖШС түбіртегінде көрсетілген саннан көп. Пәтерде ыстық су есептеуіштері болмаған жағдайда ыстық сумен жабдықтау есептеулері қалай жүргізіледі?

ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің» 55-тармағы мен ұсынылған мекенжай анықтамасы негізінде ыстық су шығынын есептеу құралдары жабдықталмаған пәтерлерде «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-на хабарланбаған тұлғалар анықталған кезде «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы тұратын азаматтар саны және қызмет ұсынылған күндер  саны есебімен 1 адамның жылу тұтыну нормасы бойынша ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктеріне босатылған жылу энергиясына қосымша есептеу жүргізеді. Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шартының» 31-тармағына сәйкес ыстық сумен жабдықтау бойынша қайта есептеу 1 жылдан аспайтын кезеңге жүргізіледі.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның деректер қорында тіркелмеген  су шығынын есептеу құралдарын пломбалау актісін ұсынған кезде қосымша есептеу су шығынын есептейтін құралдарды пломбалау күніне дейін жүргізіледі, пломбалау күнінен бастап ыстық суды нақты тұтыну бойынша қайта есептеу орындалады.

Ыстық су есептеуіштерімен жабдықталмаған пәтерлерде тұрмаған кезеңге ыстық сумен жабдықтау бойынша қайта есептеу орындалады ма?

Пәтерде тұратын адамдар (бір немесе бірнеше) уақытша кетіп қалған жағдайда, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің» 65-тармағына сәйкес коммерциялық есепке алу құралдары болмағанда, тұтынылған бір адамға есептелетін ыстық су ақысы олар жоқ уақытта алынбайды. Мынадай жағдайларда:

  • болмайтын мерзімін көрсетіп, энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтініш бергенде;
  • жеке меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжатты және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын ұсынғанда;
  • болмаған кезеңін растайтын құжатты ұсынғанда (емдеу ұйымдарынан анықтама, іссапар парағы, уақытша тұрған жерінен анықтама; қонақ үйде тұрғаны үшін төлем жасағаны туралы түбіртек,  келу және кету туралы жол құжаттары, су крандарын пломбалау актісінің көшірмесі және т.б.).
Тұрмыстық тұтынушылардан жылу және электр энергиясы үшін берешектерді өндіріп алу бойынша «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-мен қандай шаралар қолданылады?
  • белгіленген мерзімде (есеп айырысудан кейінгі айдың 25-сін қоса есептеген мерзімге дейін) тұтынушымен төленбеген қарыз сомасына «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы төлем түскенге дейінгі барлық кезеңге төлемді созған әр күн үшін өсімақы (тқрақсыздық төлем) есептейді. 
  • борышкерлерге берешекті өтеу қажеттігі және қарыз сомасы сақталған кезде электр энергиясы берілімінің тоқтатылу ықтималдығы туралы хабарлама ұсынылады.
  • Тұтынушының дербес есепшоты бойынша берешегі болған жағдайда жоғарыда аталған шараларды қабылдағаннан кейін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы берешекті күштеп өндіріп алу үшін сотқа талап арыз жолдауға құқылы. 
  • Сот актісі заңдық күшіне енгеннен кейін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес өтелмеген берешек сомасын мәжбүрлеп өндіріп алу, жылжитын және жылжымайтын мүлігіне тыйым салу; ҚР шегінен шығуға уақытша шектеу қою және т.б. үшін жеке сот орындаушыларына ұсынылады.
Тұрмыстық тұтынушылар «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның түбіртек-шоттары бойынша коммуналдық қызметтерді қай күнге дейін төлеу қажет?

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның түбіртек-шоттарында көрсетілген электр және жылу энергиясы бойынша энергиямен жабдықтау қызметтерін, сонымен қатар ЖҮМ ұстау және жөндеу қызметтерін тұрмыстық тұтынушылар есеп айырысудан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлеуі қажет. Төлеу мерзімі 2015ж. 22.10-дағы «Звезда Прииртышья»  және 2015ж. 31.10-дағы «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған Тұрмыстық тұтынушыны электрмен және жылумен жабдықтау көпшілік шарттарында көрсетілген. 

Төлем мерзімі басталған сәтте түбіртек-шотты төлемегені үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша ақшалай міндеттемелерді нақты орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бекітілген қайта қаржыландырудың 1,5 есе мөлшерлемесі көлемінде төлемді созған әрбір күні үшін тұрақсыздық айыппұлды  есептеуге құқылы. Осылайша, есеп айырысудан кейінгі айдың 26-шы жұлдызы тұрақтылық төлемін есептеудің бірінші күні болып саналады. Алдыңғы кезеңге берешегі болған жағдайда есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың  бірінші күні тұрақсыздық төлемін есептеу мерзімінің басы болып табылады. 

Кәсіпорындар үшін электр және жылу энергиясы бойынша неліктен әр түрлі төлем мерзімдері белгіленген?

Тұтынған энергия үшін төлеу мерзімі заңнамамен белгіленген. «Үлгілік электрмен жабдықтау шартына» сәйкес тұрмыстық емес тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеу мерзімі – төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. «Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шартқа» сәйкес жылу энергиясы үшін төлем жасау мерзімі -  есеп айырысудан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей.

Тұрғындар электр энергиясының есептеуіштері мен ыстық су есептеуіштері бойынша көрсеткіштерді қалай бере алады?

Павлодар қаласы бойынша көрсеткіштерді әр айдың 20 мен 31 аралығында (демалассыз) 90-33-09 телефон нөмірі бойынша сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін беруге болады.  
Сондай-ақ әр айдың 20 мен 31 аралығында тәулік бойы kps@pavlodarenergo.kz  электрондық поштасы арқылы беруге болады. Мыналарды көрсету қажет: 

  1. Мекенжайы мен дербес есепшоты.
  2. Электр энергиясы есептеуішінің нөмірі мен электр энергиясы есептеуішінің көрсеткіштері.
  3. Ыстық су есептеуішінің нөмірі мен ыстық су есептеуіші бойынша көрсеткіш.
  4. Байланыс нөмірі.

Ақсу қаласы мен Ақсу ауданы бойынша электр энергиясының көрсеткіштері әр айдың 20 мен 31 аралығында (демалыссыз) 6-44-21  телефон нөмірі бойынша сағ. 8.00-ден 20.00-ге дейін беруге болады. Көрсеткіштерді қабылдайтын электрондық пошта жоқ.  

Екібастұз қаласы бойынша ыстық су есептеуішінің көрсеткіштерін 76 46 69, 76 46 62 телефон нөмірлері бойынша әр айдың 20 мен 31 аралығында беріп тұруға болады.  Дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 8:30-дан 17.30-ға дейін, сенбі күні сағ. 8:30-дан 13.30-ға дейін беруге болады. Жексенбі – демалыс күні. Сонымен қатар тәулік бойы әр айдың 20 мен 31 аралығында pokgvs@rambler.ru электрондық поштасы арқылы да беріп тұруға болады. Мыналарды көрсету қажет: 

  1. Мекенжайы мен дербес есепшоты.
  2. Ыстық су есептеуішінің нөмірі мен ыстық су есептеуіші бойынша көрсеткіш.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның түбіртек-шоты бойынша төлемді қалай жүргізуге болады?

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның түбіртек-шоты бойынша төлемді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның сервистік орталықтары мен кассаларында жүргізуге болады. Олар Павлодар қаласындағы мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Кривенко көш., 27, Ак. Сәтбаев көш., 101, Ломов көш., 160, Катаев көш., 18, Бекхожин көш., 15. Сонымен қатар төлемді екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» АҚ филиалдарында, «Astana-Plat» ЖШС, «Contact 24h» ЖШС-ның электрондық терминалдары мен интернет («Каспий банк» АҚ-ның kaspi.kz сайты), «Казкоммерцбанк» (Homebank.kz) АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ (online.sberbank.kz), «Халық банк» АҚ (myhalyk.kz) төлем карталарының иелеріне интернет-банкинг арқылы жүргізуге болады.  

Жылыту маусымының басына дейін жылытуды қалай қосуға болады?

Тұтынушылар «Жылыту маусымының басталуы туралы» Павлодар қ. әкімдігінің өкімінен кейін және «ПТС» ЖШС-ның кестесіне сәйкес жылыту жүйесіне қосылады. Жылыту маусымының басына дейін «ПТС» ЖШС-ның техникалық талаптарында көрсетілген іс-шаралар орындалуы қажет.
Как можно подключить отопление перед началом отопительного сезона?
Запуск систем отопления потребителям выполняется после распоряжения акимата  г. Павлодара «О начале отопительного сезона» и согласно графика ТОО «ПТС». Перед началом отопительного сезона необходимо выполнить мероприятия указанные в технических требованиях ТОО «ПТС».

Жылыту маусымының аяқталуына дейін жылытуды қалай өшіруге болады?

Жылыту маусымының соңында заңды тұлғалар мен жеке тұрған тұрғын үйлерді ресми өкім шыққанға дейін жылыту жүйесінен ажырату тұтынушының «ПЭС» ЖШС-ға жазбаша өтініммен жүгінуі негізінде орындалады.
  Көп қабатты тұрғын үй қорының тұтынушылары ПМПИ қызметкерлерімен ажыратылады да, кейіннен тиектік арматураны (3,4 ысырма тиек) пломбалау үшін «ПТС» ЖШС-ның бақылаушыларын шақырады немесе қала әкімінің жылыту маусымының аяқталғаны туралы өкімінен кейін ажыратылады. «ПТС» ЖШС қызметкері кесте бойынша ажырату мен пломбалауды (жылыту жүйесін ғана) жүргізеді.
  Көктемде әкімдіктің ресми өкіміне дейін кенеттен жылынып кеткен жағдайда үй тұрғындары 100% келісіп, ПМИК жазбаша өтінім берген кезде ажыратылуы мүмкін.

Мен, Набережная 7 көшесі бойынша көпқабатты үйде тұрамын. Осы жылдың қыркүйек айында «ПЭТК» АҚ қызметкерлері менің пәтерімді тексеру барысында қоймада есептеу құрылғысынан бөлек қосылған розетканың бар екендігі анықталды. Осы розетка есептеуіштен есептелмейтіндігін мен білген жоқпын. Себебі 2010 жылы осы пәтерді сатып алған кезде осы розетка болған. Нәтижесінде маған 81 523 кВт.с. қайта есептеу жасалды. Бұл қайта есептеу маған пәтерді сатып алу кезінде осы розетканың болған фактісін ескергенде заң жүзінде жасалған ба?

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы бекітілген № 143 Бұйрығының электр энергиясын пайдалану қағидасының (одан әрі ЭЭПҚ) 66т. талаптарына сәйкес «Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мына бұзушылықтар болғанда, тұтынушыға еркін нысанда бұзушылық туралы акт толтырады, оны ажыратады және қайта есептеу жүргізеді:
энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылуы; электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралынан (бұдан әрі - КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу; КЕҚ әйнегі мен қорабын зақымдау; тексеруге құқығы бар ұйымның (бұл ұйымның қорытындысы бойынша) алғашқы немесе мерзімді салыстырып тексеруі туралы пломбаның (белгінің) немесе пломбалау құрылғысының болмауы, бұзылуы, зақымдалуы, сәйкес келмеуі; бұрын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым орнатқан жерлерде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым пломба құрылғысының (пломбалау құрылғысының) болмауы, бұзылуы, зақымдалуы, сәйкес келмеуі; КЕҚ, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі; КЕҚ дискісінің жасанды тежелуі; КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату.
Қайта есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген электр қуаты бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, қосу коммутациялық аппаратының қуаты бойынша жүргізіледі.
Қайта есептеу кезеңі КЕҚ соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде анықталады, алайда ескіру мерзімінен аспауы қажет.
Тұтынушы электрлік желіге схемадағы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарындағы бұзушылықтар жойылғаннан кейін және қайта есептеу төлемі мен қосылу үшін төлем өтелгеннен кейін қосылады.
Тұтынушы қайта есептеу төлемін мерзімде өтемеген, сондай-ақ толық өтемеген жағдайда немесе төлем өтеуден бас тартқан жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым, ал энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шарты болмағанда, энергия беруші ұйым материалдарды сотқа тапсырады».
Сіздің жағдайыңызды қарастырайық: Осы жылдың 26 қыркүйегінде «ПЭТК» АҚ-ның қызметкерлері Сіздің мекен-жай бойынша есептеу құрылғыларына тексеріс жұмыстарын жүргізген. Тексеру барысында қойма ішінде қабатты электр қалқанындағы магистральді желілерден бөлек қосылған розетка анықталған. Бұл қолданыстағы ЭЭПҚ бұзғандық деп есептеледі.
Нәтижесінде тексеру Актісі құрастырылып, жоғарыда аталған Қағиданың 66т. сәйкес электр энергиясына қосылу үшін қайта есептеу жасалған есептеу құрылғысының соңғы есептеу күнінен (04.0214ж) коммутациялық аппарттың номиналды тоғы бойынша 16А×0,22 (бір розетканың кернеулігі) ×965 күн ×24 сағат = 81 523 кВт*с., бұл ақшалай тұрғыда келгенде 892 676,85 теңгені құрайды.
Сонымен, ЭЭПҚ 66т. сәйкес «ПЭТК» АҚ-нық қызметкерлері Сізге электр энергиясын беруді тоқтатты. Сондықтан тұтынушы электрлік желіге схемадағы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарындағы бұзушылықтар жойылғаннан кейін және қайта есептеу төлемі мен қосылу үшін төлем өтелгеннен кейін қосылады.
Жоғарыда баяндалғанға қосымша ретінде ҚР Азаматтық Кодексінің 189 бабына сәйкес өзіне тиесілі мүмкіндіктің сақталуына жауапты, сондай-ақ абонент ҚР АК 487 б. Күшін пайдаланған құрылғының қауіпсіздігі мен тиісті техникалық жағдайын қамтамасыздығына жауапты. Сондықтан  анықталған бұзушылық үшін Сіз жауап беруден бұлтарылмайсыз.
Сондай-ақ, тағы да анықтайтын жайт, кейбір тұтынушылар электр энергиясын пайдалану кезінде үнемдеушілік мақсатында қасақана әдейі бұзушылық жасайды, бірақ энергия беруші ұйымның қызметкерлері анықтаған кейін бұның соңы неге апарарын ескермейді. Жоғарыда баяндалғаннан шығатын қорытынды тұтынушы ЭЭПҚ 66т. бұзушылық жіберу салдарынан ресімделген қайта есептеулер зор шығындарға әкеледі. Бұдан басқа тұтынушы қайта есептеу бойынша соманы аталған мерзімде өтемеген болса, энергия жабдықтау ұйым тарапынан берешекті өндіріп алу үшін сот органдарына өтінім білдіреді. Нәтижесінде тұтынушы тек қайта есептеу бойынша төлем жасаудан бөлек сот шығындарын да төлеуге мәжбүрлі болады. Сондай-ақ электр энергияға қосылу қызметі үшін төлем жасайды.
«ПЭТК» АҚ-да көп жылғы тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда жұмыс жасаудың жаңа технологиялары мен әдістері электр энергиясымен қолданған кезде тұтынушылардың жіберген барлық бұзушылықтарын анықтайды.
Қорытындысында айтарымыз, электр энергиясын тұтыну – бұл нарықтағы тауар болып есептеледі. Оны қолданған соң, Сіз тұтынған басқа тауарлар, жұмыс, қызметке төлем жасаған сияқты пайдалану үшін ақысын төлеу керек. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында тұтынушы энергия үнемдеу жарықтандыруларын және электр тұрмыстық құрылғыларын пайдалану қажет. Тұтынушылардың электр энергиясын үнемдеулері ЭЭПҚ қарама-қайшылықта болмауы керек.
Электр энергетика туралы ҚР заңнамасын бұзушылық «Электр энергетика туралы» Заңның 23 б., 5 тарауына сәйкес ҚР  бекітілген заңнамасында бекітілген тәртіпте сай қарастырылған.

Қандай жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнатуға болады және олар нені көрсетуі керек?

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының (ҚР ЭМ 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрық) 25 т. сәйкес тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін есеп айырысуға қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
                Жылу энергиясын есепке алу үшін Өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік тізілімге енгізілген және алғашқы немесе кезеңдік өлшем құралдарын тексеруі туралы құжаттары бар коммерциялық есепке алу құралдары пайдаланылады.
               Құрал диаметрін таңдау объектінің қосылған жүктемесін және гидравликалық шығындарды есепке алумен орындалады.
               Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларының (ҚР ЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрық) 23 т. сәйкес жылу энергиясын есепке алу торабында мыналар анықталады:

  1. есепке алу торабы құралдарының жұмыс уақыты;
  2. алынған жылу энергиясы;
  3. әрбір сағат үшін беруші құбыр бойынша қайтарылған және қайтарушы құбыр бойынша алынған жылу жеткізгішінің массасы (көлемі);
  4. беруші және жіберуші құбырлардағы жылу жеткізгішінің орташа сағаттың температурасы;
  5. әр сағат үшін алынған жылу энергиясы;
  6. жылу тұтыну жүйесіндегі жылыстаулар нәтижесінде жоғалған желілік су массасы (көлемі).

ЕҚ өндірушілердің сайты: www.kamstrup.com, www.teplocom-sale.ru, www.karat-npo.ru.