«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС  2018 жылғы 1 қазанда құрылды. Компанияның құрамына Екібастұз ЖЭО-сы және «Екібастұз жылу желілері» кіреді. 

Екібастұз қаласында жылу энергиясын тұтынушылардың саны 2018 жылдың

1 қыркүйегіне – 49698.

Оның ішінде халық саны - 48621, басқа тұтынушылар - 1077.

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның стратегиялық мақсаты оның аналық компаниясы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ стратегиялық мақсатының бір бөлігі болып табылады. Бұл Екібастұз қаласын теңгерімделген және тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететін кәсіпорын құру. Компания кәсіпорны қызметті өндіріс, экология, денсаулық сақтау және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес құрады.

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның стратегиялық мақсатқа жетуінің негізгі бағыттары:

  • өндірістің техникалық деңгейін арттыру және негізгі өндірістік қорлар мен инфрақұрылымды жаңарту арқылы өндірістік тиімділікті арттыру;
  • инновациялық бағыттарды ойланып дамыту арқылы перспективалық жобаларды енгізу;

Алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін компания келесі міндеттерді іске асырады:

апаттылықты төмендету, жабдықтың тұрып қалуын болғызбау және кәсіпорынның негізгі қорларын жаңарту үшін инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жолымен жабдықты реконструкциялау және модернизациялау; жылу энергиясын тасымалдау кезінде нормативтен тыс шығындарды төмендету; жылу энергиясын өндіру және беру кезінде энергия үнемдеуші және энергия тиімді технологияларды енгізу; өзекті сертификаттаудың экология, персоналдың денсаулығын қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін қолдау.

Екібастұз ЖЭО-сы 1956 жылы құрылып, Павлодардың Ертіс өңірінің алғашқы жылу электр орталығы болды. Осы уақыт бойы 143 мың халқы бар Екібастұз қаласын жылумен жабдықтаудың бірден бір көзі болып келеді. ЕЖЭО-ның орнатылған электр қуаты 12 МВт, жылу энергиясы   - 782 Гкал/сағатты құрайды.

Қазіргі уақытта станцияда модернизация және реконструкция бойынша іс-шаралар жүргізілуде, бекітілген кестелер бойынша негізгі және қосалқы жабдықтың, ғимараттар мен құрылмалардың күрделі және ағымдағы жөндеулері жүргізілуде.

2009 жылдың сәуір айында қуаты 12 МВт №1 турбина жүктемеге қосылды. Турбоагрегат  ең алдымен станцияның электр энергиясына деген өз қажеттіктерінің едәуір үлесін жабуға арналған.

ЕЖЭО-да Қазақстан Республикасы үкіметінің экологиялық саясатын іске асыру бойынша көп жұмыстар атқарылуда, олар қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемдерін ұдайы қысқартып отыруға бағытталған. Станцияда №№ 5, 6, 7, 8, 9 қазандық агрегаттарының күлтұтқыш құрылғыларын қайта құру жүргізіліп, екінші буынның эмульгаторлары орнатылды. Бұл түтін газдарын күлден 97% -дан 99,5%-ға дейін тазарту деңгейін ұлғайтуға және күлдің жалпы көлемінің 10% -ға шығарылуын төмендетуге мүмкіндік берді.             

Екібастұз ЖЭО-сында  электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

Күрделі реконструкциялаудан  2014  жылы № 6 жаңартылған қазандық агрегат іске қосылды. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін қазанның қуаты 90 тонна/сағатты құрады, ПӘК 88,5%-дан 90%-ға ұлғайды, азот оксидінің шығарылу көлемі азайды. Қайта құру жұмыстарын жүргізгенде қазан технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесімен толық жабдықталды.

Сол 2014 жылы  № 3 түтін құбырын қайта құру жүргізіліп,  ішкі футеровкасы толық ауыстырылды.  ЕЖЭО-ның түтін құбырларында осындай ауқымдағы жоба алғаш рет жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта станцияның күл үйіндісінің екінші  кезегінің құрылысы жүргізілуде. Бұл күл мен шлакты күл үйіндісінен уақытылы, үзіліссіз және үнемді шығарып, қатарлап отырғанда, ЕЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз етуді мүмкін етеді.  

«Екібастұз жылу желілері» 2007 жылы құрылды. Кәсіпорын Екібастұз тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер көрсетеді.

Екібастұз жылу желілерінің ұзындығы – 422 км (тұтынушылар желілерін есепке алғанда):

  • магистралдық жылу желілері – 37,6 км;
  • квартал ішілік жылу желілері   – 304,7 км;
  • тұтынушылар желілері – 80,2 км;
  • орталық жылу тарату пункті – 1 дана;
  • айдайтын сорғы станциялары – 4 дана.

Екібастұзда 2010 жылдан 2015 жыл аралығында диаметрі 32 –ден 200 мм дейін 1,2 километр кварталдық жылу желілері қайта құрылды, ішінара – диаметрі ұлғайтылып, энергия үнемдеуші пенополиуретанды оқшау қолданылды.

2016 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және  «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларымен  инфрақұрылымды дамытудың  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде шарт жасалды. Бұл шарт Екібастұзда жылумен жабдықтау жүйелерін модернизациялау жөніндегі теңдесі жоқ ірі инвестициялық бағдарламаға кірісуге мүмкіншілік берді. Жобаның көлемдері алдыңғы онжылдық  ішіндегі кеншілер қаласының жылу желілерін реконструкциялау және модернизациялау бойынша жұмыстардың жалпы мөлшерінен асады: жұмыстар желілердің дерлік 29 шақырымына жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда шарттың шеңберінде 2016 жыл мен 2018 жыл аралығында Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйелерін модернизациялауға  8,97 млрд теңге жоспарланды. Жоба жеке меншік аумақтан жылу желілерін шығару, блоктық-жылу пункттерін салу, жылу магистральдарын қайта жаңарту сияқты кезеңдерді қамтыды.