Компания туралы

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамы («ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Компания) вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, оған Павлодар облысының барлық қуатпен қамсыздандыру буындары (қуат ресурстарын генерациялау, тасымалдау және өткізу) кіреді. Кәсіпорын «Орталық-Азия электр-энергетикалық корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді.

Компания 2000 жылы құрылғаннан бері қызметін жүзеге асырып келеді. 2000 жылғы 15 қарашада «Солтүстік жылу желілері» ЖШС тіркелді, 2002 жылғы 25 маусымда ол «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ етіп өзгертілді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның құрамына төмендегі ұйымдар кіреді:

  • Павлодарлық ЖЭО-2;
  • Павлодарлық ЖЭО-3;
  • Екібастұздық ЖЭО;
  • «Павлодарские тепловые сети» ЖШС (Павлодар, Екібастұз қалаларының жылу желілері);
  • «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ;
  • «Павлодарэнергосбыт» ЖШС.

Электр станцияларының белгіленген жалпы электрлік қуаты 627 МВтқұрайды, жылу қуаты бойынша белгіленген қуаты – 2102 Гкал/сағ. Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат – Екібастұз алабының тас көмірі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жалпы ауданы 124,8 мың шаршы шақырым, 750 000 тұрғыны бар Павлодар облысының аумағын электр қуатымен қамсыздандырады.

Компанияның 2012 жылда шығарған электр қуатының көлемі 3 162,1 млн квтсағ. құрады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндіретін электр қуаты Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының нарықтарына жеткізіледі. Компанияның электр қуатын беру желілерінің ұзақтығы – 15 797 шақырым шамасында. Жылу желілерінің жалпы ұзақтығы – 749,5 шақырымнан астам.

Компания корпоративтік басқару стандарттарын белсенді түрде ендіруде, сондай-ақ Компания үнемі бизнес үрдістерді оңтайландырады және өндіріс, денсаулық сақтау салаларында және әлеуметтік салада өз қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру тәжірибесін жетілдіруде.

«Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметінің тұрақтылығын растап, 2012 жылғы тамыз айында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ несиеге қабілеттілігінің рейтингін А+ (несиеге қабілеттіліктің өте жоғары деңгейі) деңгейінде бағалады, сондай-ақ облигациялардың бірінші шығарылымының (ұлттық сәйкестендіруші нөмірі – KZ2C0Y10С606) рейтингіне А+ (сенімділіктің өте жоғары деңгейі) деңгейін берді.

2016 жылдың 27 шілдесінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Fitch Ratings-тің шетел валютасында эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «В+» деңгейінде иеленді. Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «BBBkaz» деңгейінде белгіленді, болжам «Тұрақты».