«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 2023 жылға белсенді іс-шаралармен аяқ басты. 11 ақпан күні кәсіпорынның кәсіподақ құрамына кіретін мамандары «Ертіс» шаңғы базасында өткен шаңғы жарыстарына қатысты. Жарқыраған күннің көзі және шымшыма аяз қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлап, жеңіске деген құлшыныстарын арттыра түсті.
Кәсіпорын қызметкерлерін белсенді спортқа тарту мақсатында сенбі күні таңертең командалық және жеке есепте шаңғы жарысы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер комиссиясы командалық есепте орындарды келесідей бөлді: 1-командалық орынды «ПЭТК» АҚ шаңғышылары, екінші орынды - «УПНК-ПВ» ЖШС және үшінші орынды «Павлодарэнергосбыт» ЖШС иеленді. «Каустик» АҚ командасы 4-орынға ие болды.
2 км қашықтықта ерлер арасында жеке есепте 30 жасқа дейінгі жас санатында бірінші орын - Адильхан Маренге («УПНК-ПВ» ЖШС), 31 - 40 жас аралығында жарыс алтыны Павел Артемьевке ( «ПЭТК» АҚ), 41-50 жас санатында Рамиль Хасашинге («ПЭТК» АҚ) берілді, 51 жастан жоғары жас санатында бір километр қашықтықты бірінші болып бағындырған Ертай Иткулов («Каустик» АҚ).
Әйелдер арасында 31-40 жас аралығында бірінші орынға Калин Илькова («Павлодарэнергосбыт» ЖШС), 41-50 жас санатында Надежда Мороз («ПЭТК» АҚ), 51 және одан жоғары жас санатында 1-орынға Светлана Бекишева («УПНК-ПВ» ЖШС) ие болды.
1-3 орын жеңімпаздары дипломдар мен жүлделермен марапатталды, жарыстан кейін барлық қатысушылар ыстық шай мен тоқаштан дәм татты.