Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының оқу орталығы 15-ші және 16-шы ақпан күндері Инновациялық Еуразия Университеті жоғары колледжінің 3-курс студенттері үшін Павлодар 3-ЖЭО-на экскурсиялар ұйымдастырды. Экскурсиялардың мақсаты - болашақ мамандарды электр станциясының жұмысымен таныстыру және оқуды тәмамдаған соң олардың «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-на жұмысқа орналасу қызығушылықтарын тудыру болды.

Экскурсияға ИнЕУ жоғары колледжінің техникалық қызмет көрсету, электрмеханикалық жабдықтарды жөндеу және пайдалану (түрлері мен салалары бойынша); электр жабдықтар (түрлері мен салалары бойынша) мамандықтары бойынша білім алатын 22 студенті қатысты.

Студенттер Павлодар 3-ЖЭО-ның тарихы мен құрылымымен танысты, қазандық цехы, турбиналық цех, машина залы, басқару қалқаны сияқты станцияның негізгі цехтары мен объектілерін аралады. Энергетикалық жабдықтың жұмысы, жылу және электр энергиясын өндіру үлдерісін көрді. 3-ЖЭО қызметкерлерімен әңгімелесіп, электр станциясындағы жұмыс ерекшеліктері мен сұранысқа ие бос жұмыс орындары туралы білді.

Экскурсия өте қызықты өтті. Студенттер электр станциясының жұмысы, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат алды, сонымен қатар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Әлеуметтік желілерде экскурсия кезіндегі суреттерімен бөлісті.

Экскурсия кадрлармен жұмыс басқармасының кадрлар даярлау жөніндегі инженерлері Светлана Козорез және Зульфия Жайсанбаеваның жетекшілігімен өтті.

Станция цехтары бойынша таныстыру экскурсияларын станция ауысымының бастығы Игорь Крылов, электр цехының ауысым бастығы Асхат Туткышбаев, электр цехының электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу учаскесінің бастығы Александр Прохоров, электр цехының шебері Ержан Турлыбаев өткізді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ – Қазақстанның жетекші энергетикалық компанияларының бірі. Біз өз командамызда жас, келешегі зор мамандарды көруге әрқашан қуаныштымыз. Бізге қосылыңыздар!