Галина Геннадьевна Волкованың басшылығымен 70-ке жуық адам жұмыс істейді: шеберлер, бақылаушылар, инженерлер. Басқарманың міндеттері оның атауынан да түсінікті: басқарма мамандары тұтынушылармен жұмыс істейді. Басқарма үш бөлімнен тұрады, олар жылу инспекциясы, техникалық бөлім, тарату және бақылау бөлімі. Жауапты лауазымды атқарып келе жатқан басқарма басшысы – дарынды, сегіз қырлы адам.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС Галина Волкованың кәсіби өмірінде басты рөл атқарды, ол тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін, бүгінгі тәуелсіз, біріккен ұйым Павлодар жылу желілерін құруға өз үлесін қосты деп айтуға болады. Оның өз даналығы мен жеке тәжірибелерімен бөліскен мықты мұғалімдері мен жетекшілері болған.
- Павлодар қаласында туып, өстім, - дейді Галина Волкова, - мұнда менің кәсіби қызметім басталды. Индустриялық институтты «Өнеркәсіп жылу энергетикасы» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін үш жыл мамандығым бойынша емес, бөлініс бойынша жұмыс істедім. 1988 жылы «Казсевсельпроект» Павлодар жобалау институтына келіп, онда 8 жыл жылу желілерін жобалаушы қызметін атқардым. Ал 1995 жылы мені «Жылу желілеріне» шақырды, мұнда мен алған білімімді іс жүзінде қолдана алдым.
2000 жылдардың басында қаланың энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші кәсіпорындары бірнеше рет қайта құрылды, осыған байланысты Галина Геннадьевна «Энергоцентр» АҚ-на ауысты. 2008 жылы сол кездегі басқарма төрағасы Анатолий Дуктің шешімі бойынша Галина Волкова Жылу желілеріне ауыстырылды, және бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан құрамда тұтынушылармен жұмыс жөніндегі басқармасын жаңадан құра бастады.
- Сол кездегі аты аңызға айналған басшыларымыз бен ұстаздарымыздан алған дайындама - баға жетпес сый деп еске алады Галина Геннадьевна. Менің ойымша, біздің кәсіпорында мықты әрі сауатты мамандар жұмыс істейді және кәсіпорнымыздың одан әрі даму перспективасы зор. Жұмысымыз күрделі, бірақ қызықты және өзгерістерге қарамастан, тату әрі ұйымшыл ұжымым әрқашан жанымда.
Осындай күрделі жұмысымен қатар, Галина Волкова бейнелеу өнерімен әуестенеді. Шығармашылық қабілеттерін ашқан астрологиялық курстан кейін ол өз картиналарын жаза бастады. Кабинетіндегі «Екібастұз қаласындағы апатты жағдайды жою» картинасы ерекше назар аударады. Галина Волкованы ТЖ кезіндегі оқиға және энергетиктердің қайсарлығы шабыттандырды. Суретте вакуумдық автоцистерна және құдықтан суды айдап шығарып жатқан арнайы киімдегі екі жұмысшы бейнеленген. Айнала қалың бу мен мұзды ағаштар.
- Балалар кішкентай болған кезде, - деп күледі Галина Волкова, - біз көбінесе отбасымызбен табиғатқа, балық аулауға және тіпті аң аулауға баратынбыз, міне, осындай сапарлардың бірінде мен ұлымды қазбен суретке түсірдім, нәтижесінде көптеген жылдар өткен соң «Жас аңшы» атты керемет сурет дүниеге келді.
Галина Волкованы мектепте сурет сабағын ұнатпағандығы тоқтатпады, мұнда ұстазы Светлана Владимировнаның қызығушылығы шешуші рөл атқарды. Сурет өнері, атап айтқанда, акварельмен айналысу - бұл басқа әлемге апарар жол, өзіңе терең үңілу мүмкіндігі.
- Менің «Автопортрет» деп аталатын бір жұмысым бар, - деп бөлісті Галина Геннадьевна, - бұл менің автопортретім емес, бұл менің ішкі жан дүнием деп айтуға болады. Ұзын шашты, ашық қызыл көйлек киген және шарықтауға дайын әйел суреті. Әрине, қызыл көйлек арманы орындалды, бірақ ұзын шашты өсіру, өкінішке орай, қиынырақ. Мен кітап оқығанды, үш немереммен әңгімелескенді ұнатамын. Үлкен немерелеріммен мұз айдынына, бассейнге барамыз.
Әр суреттің өз тарихы бар. Суреттердің бірі «My Lemon» туындысы тіпті Албанияда өткен халықаралық картиналар көрмесіне қатысты.
- Бір әуестігім күтпеген жерден екіншісіне әкелді, - деп еске алады Галина Волкова, -шамамен 2010 жылы әріптесім Санкт-Петербургке оқуға барып, сол жерден кішкентай қоңырау әкелді, содан кейін келесі сапардан тағы да әкелдік, енді менің коллекциямда 60-тан астам ерекше қоңырау бар. Дубай, Египет, Қытайдан әкелінген коллекцияда тіпті қола және хрусталь қоңыраулар бар. Жұма күні үй жинаған кезде мен оларды сүртіп, пәтер ішіне қоңырау үні төгіледі.
Галина Волкованың белсенді өмірі жарқын түстерге толы, ол тек сауатты маман және көшбасшы ғана емес, сонымен бірге қызығушылықтары мол, әрқашан даму үстіндегі жан-жақты тұлға.