«Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларға қызмет көрсету және ақпараттың қолжетімділігін жақсартуға байланысты жұмыстарды жалғастыруда. Мәселені алғаш қоңырау шалғаннан шешу - бұл 2015 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан байланыс орталығының басты міндеті. Байланыс орталығының қызметкерлері энергиямен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша барлық қажетті ақпаратты жылдам, нақты әрі анық жеткізу үшін бар күшін салады.
2023 жылдың алғашқы 9 айы ішінде байланыс орталығы абоненттермен мынадай жұмыстарды жүргізді:
- Телефон арқылы 576 797 хабарлама өңделді.
- IVR жүйесінің «дауыстық поштасы» арқылы 2788 сұраныс өңделді.
- WhatsApp мессенджерінде 204 126 өтініш қабылданды.
- SMS-сервис арқылы 1271 хабарлама өңделді.
- электрондық пошта бойынша 769 сұраныс өңделді.
- көрсеткіштерді қабылдау жәшігі арқылы 1865 хабарлама қабылданды.
Сонымен қатар, берешек туралы ескертумен тұрмыстық тұтынушыларға 85 723 автоматты қоңыраулар жүзеге асырылды.
2021 жылдың ақпан айының басынан бастап байланыс орталығы халыққа кеңес беру және көрсеткіштерді ауызша қабылдау үшін 8-701-031-73-23 ұялы телефон нөмірін ұсынып, өз қызметін кеңейтті.
Мұның бәрі ақпарат пен консультацияларды қолжетімді ете отырып, энергиямен жабдықтау саласында тұтынушыларға тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС байланыс орталығына 8 (7182) 90-33-09 көпарналы телефон нөмірі бойынша және 8-701-031-73-23 ұялы телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.
2023 жылдың қыркүйек айында автоматты режимде көрсеткіштерді қабылдау үшін чат-бот қызметін енгізу бағдарламасы іске асырылды. 2023 жылдың қазан айынан бастап тұтынушылардан көрсеткіштер қабылдана бастайды. Роботтандырылған чат жүйесі кіріс хабарламалардың барлық ағынын қамтып, байланыс орталығының қазіргі уақытта осы үдеріске тартылған қызметкерлерін телефония арқылы клиенттермен жұмыс істеуге көшіруге мүмкіндік береді, бұл клиенттердің кезегі мен күту уақытын қысқартады. Тұрмыстық тұтынушылардан электр энергиясын және ыстық сумен жабдықтауды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қабылдау төмендегі телефон нөмірлері бойынша әр айдың 20-нан 30-на (31) дейін жүзеге асырылады:
- 8 (7182) 90-33-09, 8-701-031-73-23 (ауызша қабылдау).
- 8 -701-351-94-74 чат-ботқа автоматты түрде қосылатын WhatsApp және SMS-хабарламалар.