«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының қызметкерлері үздік атану үшін тағы да сайысқа жиналды. Биыл «Ең мықты кәсіпқой» атты дәстүрлі байқау «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарының электрслесарьлары мен электрмонтерлері арасында өтті. Байқауға қатысушылар өздерінің қабілеттерін көрсетті, ал білікті әділ қазылар алқасы жеңімпаздарын анықтады.
12 желтоқсанда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның оқу орталығы негізінде компаниялар тобы кәсіпорындары арасында «Мамандығы бойынша ең үздік» атты жыл сайынғы байқау өтті. Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтті, оның ішінде мамандық бойынша теориялық сұрақтар мен электрлік тізбекті жинау бойынша практикалық тапсырмалар болды. Бәсекелестік айтарлықтай мықты болды, барлық 10 қатысушыға да өзінің кәсіпқойлығын ақылымен де, ісімен де дәлелдеулеріне тура келді.
«Біз жыл сайын бұл байқауды «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның әртүрлі мамандықтары бойынша өткіземіз. Байқау жолдастық бәсекелестік рухын сақтауға мүмкіндік береді және өз кәсібінде үлкен биіктерге жетуге ынталандырады», - деп оқу орталығының бастығы Наталья Семенова баяндайды.
"Мамандық бойынша үздік" байқауының қорытындысы бойынша әр жүлделі орынға екі жеңімпаз анықталды. Үздіктердің қатарында Алексей Хабаров (ЖЭО-3) және Дмитрий Шандер ("ПРЭК"АҚ) бар.
Екінші орынды Никита Догадов (ЖЭО-3) және Әділ Шайзаданов ("ПРЭК"АҚ) иеленді.
Даниил Попов (ЖЭО-2) және Григорий Маковец ("Павлодарские тепловые сети" ЖШС) қола жүлдегерлер атанды.
"Барлық қатысушылар өздерін өте лайықты көрсетті, басқаша болуы мүмкін де емес еді, себебі бұл байқауға тек үздіктер қатысады. Оқу орталығына алғысымыз шексіз, байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен қауіпсіздік техникасы мен жұмыс өндірісіне қатысты сұрақтарды жақсарту бойынша ұсыныстар бере аламын, менің ойымша, бұл конкурстың теориялық бөлігін жақсартады", - деді төрешілер комиссиясының төрағасы Сергей Михаленко.
"Мен алғаш рет байқауға қатыстым, маған ұнады, бәрі өте керемет жасалды, теория да, практика да, мен тізбекті тез жинадым. Мұндай байқауларға көбірек қатысамын", - дейді конкурстың бірінші орын иегері Дмитрий Шандер.