2022 жылы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС 1 089 267 мың теңге сомасына тұтынылған энергия мен қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы 9 449 өтініш жолдады, оның ішінде тұрмыстық тұтынушылар бойынша 199 000 мың теңге сомасына 6 897 өтініш, электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар бойынша 890 267 мың теңге сомасына 2 552 өтініш жолданған.
Сонымен қатар, 2022 жылы жеке сот орындаушыларына берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы 16 366 акт жіберілді. Оның ішінде 1 165 751 мың теңге сомасындағы 10 893 құжат толық көлемде өтеліп, 5 473 құжат орындалуда.
Жеке сот орындаушыларының борышкерлерге қатысты орындау құжаттарының талаптарын орындау үшін қолданатын шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған. Олар төмендегілерді қамтиды:
- ҚР аумағы шегінен шығуға уақытша шектеу;
- жылжымайтын мүлікке тыйым салу;
- борышкердің банк шоттарына тыйым салу;
- жалақы мен зейнетақыны өндіруге жүгіну.
Сонымен бірге, Павлодар облысының Әділет департаментіне заңды күшіне енген сот шешімдерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жіберіледі, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен қарастырылған.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен борышкер ҚР ӘҚБтК-нің әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі болып танылып, оған әкімшілік шара түрінде 10 721 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.
Қарыздарды жинамай, коммуналдық қызметтер үшін ақыны уақытылы төлеңіздер!