Құрметті әріптестер!
Сіздерді ортақ кәсіби мерекеміз - Энергетик күнімен құқттықтаймын!
Энергетиктер – бұл ерекше бауырластық, ол міндетті түрде жоғары кәсіпқойлықтан, секунд сайынғы жауапкершіліктен, және, әрине, өз ісіне деген адалдықтан құралады. Біздің жұмысымыздың сапасы осы қасиеттерге негізделеді. Бірақ қолдағы бар ресурстарды толық бағалы өткізу энергия жабдығы үздіксіз жұмыс істеп тұрғанда ғана мүмкін болады. Модернизациялауға және қайта жаңартуға бағытталған ауқымды инвестициялық бағдарламалар қосымша инвестицияларды тартуға, жаңа өндіруші қуаттарды енгізуді жүргізуге және экономикалық өсуді қолдауға мүмкіншілік береді.
Бұл күні құрметті ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді, олардың арқасында бүгінгі күннің энергетикасы дамып, үйлерге, өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы объектілеріне, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени нысандағы объектілерге жылу және электр энергиясы ұдайы келіп тұр.
Алда жалпы алғанда Қазақстан Республикасы мен оның жекелеген өңірлерін электрмен үздіксіз әрі тұрақты жабдықтауға бағытталған көптеген жаңа жұмыстар тұр.
Барлық энергетиктердің алға қойған жоспарлары толық әрі табысты орындала берсін демекпін! Жұмысымыз апатсыз, рухымыз сергек болсын! Сіздерге және Сіздердің жақын адамдарыңызға денсаулық және бақыт тілеймін!
Олег Владимирұлы Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры