"ОАЭК" АҚ компаниялар тобында тәуекелдерді басқаруға аса қатты көңіл бөлінеді. Тиімді тәуекел-менеджменттің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі корпоративтік тәуекел-мәдениетті дамыту болып табылады. "Тәуекел-мәдениеті" термині тәуекелдер мен мүмкіндіктердің оңтайлы арақатынасын таңдауды назарға ала отырып, басшылық пен жұмыскерлер шешімдер қабылдайтын және операциялық және өзге де қызметті жүзеге асыратын ішкі ортаны білдіреді
Осыған байланысты "ОАЭК" АҚ Тәуекел-менеджменті департаменті мамандарының Холдингтің еншілес компанияларының басты қызметкерлерімен және басшыларымен кездесулері жалғасуда.
13-14 маусымда "ПАВЛОДАРЭНЕРГО"кәсіпорындары тобының қызметкерлері үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша семинар ұйымдастырылды және өткізілді.
"ОАЭК" АҚ Тәуекел-менеджменті департаментінің директоры Игорь Горькаевтың айтуынша, оқыту семинары Холдингтің тәуекелдер тізілімі мен картасын жыл сайын өзектендіру аясында өткізіледі және "ОАЭК"компаниялар тобында тәуекел-мәдениетін дамытуға бағытталған. Семинардың мақсаты-тәуекелдерді анықтауды, жіктеуді, өлшеуді және талдауды үйрену, тәуекелдің тұтас және кешенді көрінісін дұрыс құру, оның табиғатын түсіну, нәтижесінде-залалды және жағымсыз оқиғаларды іске асыру ықтималдығын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеп, іске асыра білу.
Спикер сондай – ақ тәуекелдерді басқару холдинг стратегиясының бір бөлігі ғана емес екеніне баса назар аударды. Тәуекел-мәдениеті корпоративтік ортаның үлкен сегментіне, ал қызметкерлер үшін-іс жүзінде құндылыққа айналуы тиіс, өйткені егер біз тәуекелдерді басқармасақ, нәтижесінде олар бізді басқара бастайды.