Көрсеткіштерді қабылдау, ауқымды ақпараттар кеңістігінде бағдарлану, тұтынушылардың сұрақтарына жылдам әрі дұрыс жауап беру - бұл «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің байланыс орталығы қызметкерлерінің негізгі міндеттері.
2023 жылдың алғашқы төрт айы ішінде байланыс орталығының қызметкерлері 92 мыңнан астам өтінімді өңдеген. Және бұл тек телефон арқылы түскен өтінімдер. Қаңтардан сәуір айына дейін операторлар тұтынушылардан корпоративтік WhatsApp арқылы көрсеткіштерді ұсынуға байланысты 89 мыңға жуық өтінімді, СМС арқылы 658 өтінімді, электрондық поштаға 336 хатты, дауыстық поштамен 1 389 өтінішті және сенім телефонына 11 қоңырауды қабылдаған.
«Айдың соңында, көрсеткіштерді ұсыну уақыты келген кезде операторлардың әрқайсысы күніне шамамен 800 қоңырау қабылдайды. Ауысымдағы екі адам SMS және WhatsApp-тан көрсеткіштерді дерекқорға қолмен енгізу үшін жауапты. Бір айда олар осындай 23 мың хабарламаны өңдейді. Қазіргі кезде байланыс орталығында ауысыммен 18 оператор жұмыс істейді»,- дейді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС байланыс орталығының бастығы Жанна Ахметова.
Байланыс орталығына 903-309 көпарналы телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады. Оператор күнделікті сағ. 8.00-ден 22.00-ге дейін қоңырауларды қабылдап, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. WhatsApp және SMS мессенджерлері арқылы көрсеткіштерді +7 701 351 94 74 нөміріне ұсынуға болады. Сонымен қатар көрсеткіштер kps@pavlodarenergo.kz. электрондық поштасына қабылданады.