«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мамандары өндірістік процестерде басты рөл атқарады және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының негізгі әлеуеті болып табылады. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау – еңбекті қорғау саласындағы басты міндет. Компания үздік әлемдік практикаларға сай келуге, мемлекеттік және халықаралық талаптарды мүлтіксіз сақтауға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұдайы жақсартуға ұмтылады. Бірақ еңбекті қорғау ұғымына не кіреді?
Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті — өндірістегі жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың пайда болуының алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік салдарды азайту.
Бұл тұжырымдама қызметкерді негізінен физикалық факторлардан қорғауды қамтиды. Мұндай факторлар үй-жайдың санитарлық-гигиеналық жағдайы, жұмыс орнын жарықтандыру, шу деңгейі, құрылыс нормалары, өртке қарсы және аварияға қарсы талаптарға сәйкестігі болып табылады. Басшылықтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182-бабында жазылған.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарындағы қауіпсіздікті бақылау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасына жүктеледі. Ол қауіпті факторлардың пайда болу мүмкіндігі тұрғысынан еңбек жағдайларын, технологиялық процестерді, аппаратура мен жабдықтарды талдайды. Осындай талдаудың негізінде өндірістің қауіпті учаскелері, ықтимал авариялық жағдайлар айқындалады және оларды жою, салдарын болғызбау немесе шектеу жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
Өндірісте салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету - бұл кәсіпорын әкімшілігінің жауапкершілігі. Компания басшылығы өндірістік жарақаттанудың алдын алатын заманауи қауіпсіздік техникасын уақтылы енгізіп отырады және қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етеді.
- Біздің басқарма қызметкерлерді қауіпсіздік негіздерін, тәуекелдерді білуге оқытуды, өндірісте қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша насихаттау жұмысын тұрақты түрде жүргізеді. Пандемия кезінде қызметкерлерді жұмыс орындарында қорғау үшін компания 2-ЖЭО және 3-ЖЭО өткізу пункттерінде орнатылған антисептиктер, қорғаныс маскалары, еден төсеніштері мен жылу түсіргіштерді көп мөлшерде сатып алды, - дейді қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков. – Алайда, егер қызметкерлермен еңбекті қорғау ережелерін әр жұмысшының санасына жеткізу, барлық қызметкерлер нормативтік құжаттардың талаптарын мүлтіксіз орындау үшін жүйелі түрде күнделікті жұмыс жасалып отырса, бұл мәселелерді шешуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның оқу орталығы бұзушылықтардың алдын алудағы маңызды кезең болып табылады. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік және ҚжЕҚ мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.