Жылыту маусымы басталғаннан бері «Павлодарские тепловые сети» ЖШС мамандары анықтаған барлық ақаулар апатты болмады және қысқа мерзімде жойылды.
Сонымен қатар, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС мамандары Павлодар қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп тұтынушылардан жылу деңгейінің төмендігіне байланысты келіп түскен өтінімдерді пысықтауда.
2023 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында мамандар 819 өтінішті қабылдады, олардың 35%-ы ғана расталды, бұл 290 өтінім. Осы өтінімдер бойынша жедел шаралар қабылданды.
Үйге кіре берістегі параметрлер, яғни «ПТС» ЖШС жауапты аймақта жылу көбінесе нормаларға сәйкес келеді, ал пәтерлердегі жылу жетіспеушілігі үйішілік жүйе теңгерімінің бұзылуына, панельдердің түйіскен жерлеріндегі жарықтарға, есік пен терезе ойықтарындағы саңылауларға байланысты болуы мүмкін. Бұндай мәселелер бойынша қызмет көрсетуші ұйымдар мен пәтер иелеріне тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар беріледі.
Естеріңізде болса, 2023-2024 жылыту маусымы 18 қыркүйек күні басталып, жұмыс режимінде өтуде. Жылыту маусымына дайындалу үшін жылу желілері мен мердігерлік ұйымдарда шамамен 148 күн болды. Осы уақыт ішінде құбырларды гидравликалық және температуралық сынау, күрделі жөндеу, қайта құрылымдау және гидравликалық режимді жақсарту барысында анықталған ақауларды жоюға байланысты көптеген жұмыстар атқарылды.
Жылу деңгейінің төмендігі туралы барлық сұрақтар бойынша тұтынушылар үйге қызмет көрсетуші ұйымға жүгінуі қажет, қызмет көрсетуші ұйымның өкілі 60-65-82 нөмірі бойынша «Павлодарские тепловые сети» ЖШС жылу инспекциясына өтінім қалдыра алады.