2022 жыл оқу орталығы үшін іс-шараларға толы болды - оқыту, біліктілікті арттыру, кадр резервін дайындау, семинарлар, тренингтер.
Біріншіден, компаниялар тобының кәсіпорындарында биыл ақылы практикадан көптеген студенттер өтті. Бұл болашақ мамандар үшін ыңғайлы бағыт, өйткені оқуды аяқтағаннан кейін сертификатталған энергетиктер практикадан өту орнына бірден жұмысқа орналаса алады. Компаниялар тобында бір жыл ішінде барлығы 500-ге жуық практикант ақылы және ақысыз тәжірибеден өтті.
Екіншіден, оқу орталығында оқыту, қайта оқыту және кадрлардың біліктіліктерін арттыруға байланысты жұмыстар үнемі жүргізілуде. Осылайша, 2022 жылы: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да - 1011 адам; «ПЭТК» АҚ-да - 1599 адам; «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-де - 437 адам; «Павлодарэнергосбыт» АҚ-да - 30 адам; «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-де - 927 адам оқытудан өтті. Сонымен бірге қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі бөлім оқу орталығымен бірлесе отырып, кадрлардың жеткіліксіздігі мәселесімен айналысуда.
«Өткен жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі бөлімі түрлі санатты жұмыс іздеушілер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысты. Компаниялар тобының лауазымы бойынша практикалық