«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ арасында «Инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы» жыл сайын келісім жасалады.
2013 жылғы келісімге жалпы сомасы 7 601,302 млн теңге болатын, төмендегі бағыттар бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалар кірді:
- жаңа құрылыс салу;
- негізгі және қосалқы жабдықты жаңғырту және қайта құру;
- станциялар жабдығының парктік ресурсын қалпына келтіру;
- Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО-ның табиғат қорғау қызметі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бойынша 2013 жылғы ең маңызды инвестициялық жоба – Павлодардың қос жылу электр орталығының және Екібастұз жылу электр орталығының күл үйінділеріндегі жұмыстар болды. Күл шлак қалдықтарды қоймалауға арналған ыдыстарды құрастыру және қайта жаңарту станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, қоршаған ортаның ластануына жол бермейді.
2013 жылы 2-ЖЭО №1 қазандығында батареялық эмульгаторын құрумен күлтұтқыш құрылғыларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында түтін газдарын күлден 97% пайыздан 99,5% пайызға дейін тазартылып, жылдық шығарындылар 4390,54 тонна күлге және 981,41 тонна күкірт тотығына қысқарады. Жалпыстанциялық жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде парк ресурсын атқарғанның орнына 3-ЖЭО-ның ауа бөлгіш модульдық қондырғысын сатып алу, Павлодар 3-ЖЭО-ның №2 бу турбинасы бойынша жұмыстар: осы станциядағы ионалмастырғыш материалдарды ресурсы ұлғайтылған шайырға ауыстыру, №5 турбинасын, №№3 және 4 қазандықтарды, 3-ЖЭО-дағы багерлік сорғыларды қайта жаңарту; №№3 және 5 қазандықтарды қайта жаңарту, 2-ЖЭО-дағы СЭУ-4М электролизерлік қондырғыны және БӨА аспаптарын ауыстыру; Екібастұз ЖЭО-ндағы №3 түтін құбырын, №6 қазандықты қайта жаңарту маңызды рөл атқарды.
2013 жылғы қараша айында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ арасында инвестициялық міндеттемелер бойынша қосымша келісім жасалды. Жұмыстардың мерзімі өзгерген жоқ және қаражат көлемі бұрынғы мөлшерде қалды, тек нақты орындалған бағдарламаларға сәйкес, негізгі іс-шаралар бойынша келісімнің ішіндегі соманы нақтылау ғана жүргізілді.
Сонымен қатар, 2013 жылғы қарашада тараптар «2014 жылға арналған инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы» келісім жасады. Осы келісімнің шегінде, мерзімнен бұрын жоспарлауға сәйкес, бірқатар жобаларды іске асыру 2014 жылы жалғасатын болады. Атап айтқанда, 3-ЖЭО №2 ст. ПТ-65/75-130/13 бу турбинасын, 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО күл үйінділерінің 2-кезегінің құрылысын салу, 3-ЖЭО-ның №5 градирнясын салу.
2014 жылы инвестициялық іс-шаралардың негізгі бағыттары бұрынғысынша қалады. Мысалы, 2014 жылы жаңа құрылысқа 3 412,777 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр, мұндағы ең маңыздылары мына нысандар бойынша болады:
- 3-ЖЭО-ның №2 ст. ПТ-65/75-130/13 бу турбинасы – оны пайдалануға енгізу 2015 жылға жоспарланып отыр, бұл станцияның орнатылған электр қуатын 5 МВт-қа арттырады;
- 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО күл үйінділерінің 2-кезегінің құрылысын салу өндірістің күл шлак қалдықтарымен ластануын болғызбайды және ЖЭО-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді;
- 3-ЖЭО-ның №5 градирнясын жазғы кезеңде салу 3-ЖЭО-дан электр жүктемені 35 МВт-тан асыра ұлғайтуға мүмкіндік береді.
- 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО-ның қолданыстағы активтерін жаңалау, қолдау және техникалық қайта жасақтау үшін 2014 жылы 4675,588 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы басқа жетекші іс-шаралар:
- ЦВД, ЦСД роторын ауыстырумен, бу құбырын қайта жаңартумен және қуатын 130 МВт дейін ұлғайтумен 3-ЖЭО №5 ст. Т-110/120-130 турбоагрегатын қайта жаңарту – оны 2014 жылы пайдалануға енгізген соң, 10 МВт-қа өседі;
- ПӘК-ті ұлғайту және ауа қыздырғыштардың тозуға төзімділігін ұлғайту мақсатында 3-ЖЭО №6 ст. БКЗ-420-140 қазандық агрегатын қайта жаңарту, бұл жалпыстанциялық жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді;
- ПӘК-ті ұлғайту және ауа қыздырғыштардың тозуға төзімділігін ұлғайту мақсатында 3-ЖЭО №4 БКЗ-420-140 ст. қазандық агрегатын қайта жаңарту;
- NОх ауаға шығарылуын төмендету, ПӘК-ті өсіру және ТПАБЖ-ды орнатумен сенімділігін жақсарту үшін 3-ЖЭО №3 БКЗ-420-140 ст. қазандық агрегатын қайта жаңарту;
- ЕЖЭО №3 түтін құбырын қайта жаңарту, бұл осы түтін құбырының ресурсын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді;
- ресурсын атқарған ажыратқыштар мен релелік қорғау құрылғыларын ауыстырумен ЗРУ-35 кВ қайта жаңарту;
- 110 кВ элегаз ажыратқыштарын ЛЭП-110 кВ орнатумен ОРУ-110 кВ қайта жаңарту.
Табиғат қорғау мақсаттарға, станциялардың техникалық ахуалын жақсартуға, жалпыстанциялық жабдық жұмысының тиімділігін және сенімділігін жақсартуға арналған өзге де жобалар сондай-ақ 2014 жылғы инвестициялық жобаларды орындаудың тізімінен орын алады.