Кәсіпорындар мен станциялардың маңынан өтіп бара жатқанда, көптеген адамдар ерекше құрылымдарға назар аударады: өнеркәсіп алыптарының аумағында орналасқан биік конус тәрізді мұнаралар, олардан мезгіл-мезгіл түтін, бу шығатынын көреміз. Өндірістегі жұмыстың ерекшеліктерімен таныс емес тұрғындар оларды станция құбырлары, ал олардың үстіндегі тұман газдар, түтін және қож шығарындылары деп қателеседі. Бұл градирнялар - салқындатқыш мұнаралар деп аталады, ал олардың үстіндегі тұман қарапайым бу, сол себепті мазасызданудың себебі жоқ екендігін айтқымыз келеді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Павлодар 2-ЖЭО-да бүгінгі күні екі градирня орнатылып, сәтті жұмыс істеуде. Біріншісі, 1961 жылы салынған – биіктігі 50,4 м. және су қоры шарасының көлемі 1000 текше метр мұнаралы, сорғыш, темірбетон градирнясы. Екіншісі, заманауи, желдеткішті, блокты-модульдік BMG-2000(3) салқындатқыш мұнарасы - 2012 жылы бірінші шараның негізінде тұрғызылған.
Павлодар 3-ЖЭО-да 5 градирня орналасқан, олар 1972, 1975, 2006 және 2015 жылдары салынған. № 1 мұнаралы ағынға қарсы буландырғыш градирнясы айналымдағы суды 8-10°С-қа салқындатуға арналған. Қондырғы салқындату үшін айналымдағы суды жеткізетін екі тәуелсіз секцияға бөлінген, бұл градирняның жартысына оның екінші бөлімі жұмыс істеп тұрған кезде техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. № 2 және № 3 салқындату мұнаралары №1 салқындату мұнарасынан су тарату жүйесімен ерекшеленеді. Олардың диагональді бөгетті және 12-ші радиалды сәулелі әр жартысы үшін алты 9 метрлік темірбетонды қысымды су таратқыш стақаны бар. № 4, 5 градирнялардың сору мұнарасы дизайнында ерекшеліктері бар және олар шүмек түрінде жасалған, бұл жалюзи құрылғысы арқылы ауа ағынын арттыру мүмкіндігін береді. Су таратқыш № 1 градирняға ұқсас орындалған.