Тұрмыстық тұтынушылар есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей «Павлодарэнергосбыт» ЖШС түбіртегінде электр және жылу энергиясы бойынша энергиямен жабдықтау қызметтерінің ұсынылған шотын, сондай-ақ жалпы үйішілік желілерді күту және жөндеу қызметтерін төлеу қажет. Төлем мерзімі «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сайтында жарияланған тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтаудың жария шарттарында аталған.
Сондай-ақ, электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар төлемді төлем құжаты ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде іске асырады. Егер төлем мерзімінің соңғы күні демалыс күні болса, онда төлем мерзімінің аяқталу күні таяудағы жұмыс күні болып саналады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 15-іне дейін жүргізеді.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС берешек деңгейін төмендетуге байланысты жұмысты тұрақты жүргізуде. Қаржылық қиындықтарға тап болған абоненттерге кәсіпорын бөліп төлеу кестесін құруды ұсынады.
Берешектің пайда болуын болдырмау үшін тұтынушылар төмендегі жолдармен ақпараттық және жазбаша хабарландырылады:
- БАҚ-та, жалпы қауымға қолжетімді сайттарда энергиямен жабдықтау қызметтерін уақытылы төлеу қажеттілігі туралы жарияланымдар орналастырылады.
- мерзімі кешіктірілген берешек сомасын көрсете отырып, Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларына электр қуатын тұтынушылар - сол ұйымдар қызметкерлерінің тізімдері жолданады.
- ай сайын, төлем құжаттары ұсынылғаннан кейін электр энергиясын өткізу учаскелерінің қызметкерлері тұтынушыларға қоңырау шалып, шартта белгіленген мерзімде берешекті төлеу қажеттілігі туралы еске салады.
- тұтынушы белгіленген мерзімде төлемеген борыш сомасына «Павлодарэнергосбыт» ЖШС төлем түскенге дейінгі барлық кезең үшін төлемді кешіктірген әр күн үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) есептейді.
- борышкерлерге берешекті өтеу қажеттілігі және борыш сомасы сақталған жағдайда электр энергиясын беруді тоқтату туралы хабарламалар беріледі.
Егер борышкер қасақана төлемеушілер санатына көшсе, сонымен бірге электр және жылу энергиясы бойынша тұтынылған қызметтерге ақы төлеу үндеулеріне жауап бермесе, кәсіпорын төмендегі іс-шараларды қолдануға мәжбүр болады:
- жылу және электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес хабарлама мерзімі өткеннен кейін энергия беруші ұйым тұтынушыға энергия беруді тоқтатады.
- тұтынушының жеке шоты немесе шарты бойынша берешегі болған жағдайда «Павлодарэнергосбыт» ЖШС берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сотқа талап арыз жіберуге құқылы.
- Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңға сәйкес берешектің өтелмеген сомасы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу; ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу қою және т. б. үшін ұсынылады.
Жоғарыда аталған шаралардың қолданылуын болдырмау үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұтынылған электр және жылу энергиясы үшін дебиторлық берешегі бар Павлодар қаласы және Павлодар облысының барлық тұрғындарына оны дереу өтеуді ұсынады.