«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 3-ЖЭО-ның қуаттылығы артты: жылу электр орталығында жаңа ПТ-65/75-130-13 турбоагрегаты іске қосылды. Турбина 3-ЖЭО-ның электр қуатын 45 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді.
«Павлодарда электр мен жылуды тұтыну көлемін өсіру жоспарланып отыр. Жаңа турбинаны орнату қаланың жылу мен электр энергиясына өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл экономиканың өсуіне, жаңа бизнес-жобалардың табысты дамуына, сондай-ақ өңір тұрғындарын энергиямен жабдықтауды жақсартуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Перфилов. – Биылғы жылы біз электр қуаты 125 МВт тағы бір Т-120/130-130ПР2 турбинасын іске қосуды жоспарлап отырмыз және бұл қазіргі Қазақстанның электр энергетикасының тарихындағы бірегей жетістік болады».
Бу турбиналары мен қазандық агрегаттарын қайта жаңартудың барлық жобалары технологиялық үдерісті (процесті) заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді көздейді (ТП АБЖ), бұл энергетикалық жабдықтың пайдалы әсер коэффициентін арттыруға, көмір мен мазуттың шығынын барынша азайтуға және сәйкесінше, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.
2013-2014 жылғы бағаларымен станциялық №2 турбина құрылысының жалпы сметалық құны 6,6 млрд-тан астам теңгені құрайды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-н кеңейту және қайта жаңарту тұжырымдамасы» бойынша 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін барлығы 5 турбоагрегат және 2 қазандық агрегатын ауыстырып, қайта жаңарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде Павлодар 3-ЖЭО турбина цехының жабдығы 90%-ға жаңартылатын болады.
Шекті тарифтердің мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы бойынша жаңа активтер құруға, сондай-ақ, оларды кеңейтуге, жаңалауға, қолдауға, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған инвестициялардың көлемі шамамен 47,3 млрд теңгені құрайды. Шекті тарифтер саясатынан алатын тиімділікті күшейту үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, сондай-ақ, өз қаражатын белсенді инвестициялайды және халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тартады.