Соңғы уақытта өңірде алаяқтар өздерін түрлі ведомстволардың мамандары ретінде таныстыратын жағдайлар жиілеп кетті, бұл тұрғындардың тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін кәсіпорын бақылаушыларына деген сеніміне нұқсан келтіретіні сөзсіз. Осыған байланысты тұлғаның «Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметкері екендігін қалай анықтауға болатындығын еске саламыз.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметкері тұтынушыға өзін таныстырады, келу мақсатын баяндайды және тұтынушының бірінші талабы бойынша фотосуреті, кәсіпорын атауы («Павлодарэнергосбыт» ЖШС), аты-жөні, лауазымы көрсетілген «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін ұсынады.
Қазіргі уақытта «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-де тұтынушылардың тұтынылған энергия үшін дебиторлық берешегін төмендетуге байланысты шаралары күшейтілді. Осыған байланысты, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметкерлері берешек сомасын көрсете отырып, тұтынылған энергия үшін берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарламаларды жолдаумен қатар, телефон арқылы және Тұтынушылардың мекенжайы бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Түсіндіру жұмыстары шеңберінде тұтынушы дебиторлық берешекті жылдам өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-де берешекті бөліп төлеу акциясы туралы ақпараттандырылады. Дебиторлық берешекті өтеу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша тұтынушы өтініш және оған қоса жеке куәлік, құқық белгілейтін құжаттар (сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау шарты және т.б.) көшірмелерін ұсына отырып «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-не жүгінуге құқылы.
Сақ болыңыздар!