2 қыркүйекте Жастар бастамаларын дамыту орталығында барлық әлеуметтік топтар үшін кезекті ашық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, өздеріне ұнайтын кәсіптер пен мамандықты таңдай алды. Барлығы 36 ұйымнан 564 бос жұмыс орны таңдауға ұсынылды.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, жұмыс орнын тапқысы немесе ауыстырғысы келетіндерге арналған кезекті бос орындар жәрмеңкесін ашты. Алаңды ұйымдастырушылар іс-шараның бірегейлігін айтады, өйткені бұл жұмыс іздеушілер үшін жұмыс берушілермен жеке сөйлесуге тамаша мүмкіндік, мұндай мүмкіндік электрондық еңбек биржасында жоқ. Жәрмеңкеге 117 жұмыс іздеуші қатысты, кейбіреулері «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының бос лауазымдарына қызығушылық танытты.
- Бос орындар жәрмеңкесі ай сайын халықтың белгілі бір топтары үшін де, барлық тілек білдірушілер үшін де өткізіледі. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өкілдері олардың әрқайсысына міндетті түрде қатысады, - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ының персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Людмила Смирнова. - Компаниялар тобының барлық кәсіпорындарында жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие, атап айтқанда: әр түрлі түрлері бойынша электр слесарьларь, электр монтерлер, дәнекерлеушілер, токарьлар, такелажниктер, жүк тиеушілер.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО отын-көлік цехының бастығы Андрей Спиридонов цехтың болашақ қызметкерлерін іздеу үшін жәрмеңкеге қатысты.
- Бүгінгі таңда біздің цехта жүк тиеушілер жетіспейді, - дейді Андрей Геннадьевич. - Жұмыс физикалық тұрғыдан қиын, өйткені көмір тиелген вагондарды қолмен түсіру керек, сондықтан мен жұмыс істегісі келетін мықты жігіттерді іздеуге келдім. Кадрлардың жетіспеушілігінен жұмыс істеп жүрген жүк тиеушілерге вагондарды нормадан тыс түсіруге тура келеді. Мұндай жұмыстың ақысы төленеді, бірақ штаттың толық болғаны жақсы. Штат 15 адамнан жасақталған кезде әрбір жүк тиеуші күніне үш вагоннан түсіреді.
Жұмыс іздеуші Ярослав Леонтьев бұрын «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-да кабельші болып жұмыс істеген, жәрмеңкеде ол компанияның бос орындарына тағы да қызығушылық танытты.
- Мен «ПРЭК» АҚ-да 2 жыл кабельші болып жұмыс істедім, ол кезде еңбек шартын бұзуға тура келді, бүгін мен «Павлодарэнерго» өкілдерінен деректемелерді қайтадан алдым, мүмкін маған компаниялар тобындағы басқа жаңа мамандық ұнап қалуы мүмкін, - дейді Ярослав.
- Мұндай жәрмеңкелер мамандарды іздеуге көмектеседі, алайда жалақы мөлшері туралы айтатын болсақ, көбісі әңгімелесуді жалғастырғысы келмейді. Мен жұмыс іздеушілер кәсіпорынның мәртебесіне, тұрақтылығына, жұмыс берушілер ұсынатын еңбек жағдайлары мен жеңілдіктерге, сондай - ақ еңбек заңнамасының сақталуына және мансаптық өсу мүмкіндігіне назар аудару керек деп санаймын», - деп қорытындылады Людмила Смирнова.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жұмысқа орналасқысы келетіндерге мұндай іс-шараларға қатысу міндетті емес. Компаниялар тобының барлық өзекті бос орындары pavlodarenergo.kz ресми сайтында жарияланып тұрады.