Цифрландыру қала кәсіпорындары дамуының өзекті аспектісі болып табылады. «Павлодарские тепловые сети» ЖШС пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен бағдарламалық жасақтама ықтимал қателер санын азайта отырып, қажетті деректерді жылдам және дәл жинау, тапсыру кепілдігін береді.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС-де өндірістік мақсаттарда бірқатар бағдарламалар қолданылады. Жылу энергиясын бөлу және бақылау тобында үйішілік жылу есептегіштерінен көрсеткіштерді автоматты түрде алу үшін түрлі бағдарламалар, атап айтсақ, «ЛЭРС учет», «VKT5», «Карат» бағдарламалары пайдаланылады. Бұдан бұрын «VKT5» бағдарламасын сонымен қатар кәсіпорынның диспетчерлік қызметі де пайдаланған, бірақ қазір оларға арналған бейіндік бағдарламалар өзгерді. «Алюминий Казахстана» АҚ 1-ЖЭО көрсеткіштерінің мониторингі үшін «IRZ_Dispatcher» бағдарламасы, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергия өндіруші станциялары үшін «Запуск TM» атты бағдарлама қолданылады.
Кәсіпорында «АСКУЭ» бағдарламасы «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің сорғы станциялары мен орталық жылу пункттері сияқты объектілерінде электр энергиясын тұтынуды есепке алу, сондай-ақ жылу жабдықтарының жұмыс процесінде энергияны басқару сапасын жақсартуға арналған. Телеметрия жүйесін құрудың негізгі мақсаттары - энергия жүйесінің жалпы сенімділігін жақсарту және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қосалқы станциялардың коммутациялық жабдықтарын қашықтықтан басқару арқылы электр желісінің схемасын (қажет болған жағдайда) жедел басқару. Сонымен бірге бұл жүйе пайдалану шығындарын азайтып, есептік кезеңдерде кәсіпорын объектілерінің электр тұтынуын талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындағы жаңашылдықтардың бірі «Карат» бағдарламасы. Бағдарламалық жасақтама жылу энергиясын есепке алу құралдары орнатылған көп қабатты тұрғын үйлерде тұтынылатын жылу энергиясын тіркейді. «Карат» бағдарламасын пайдалану кейбір есептегіштердің тек белгілі бір бағдарламалармен жұмыс жасайтындығына да байланысты.
«Кез-келген жаңа бағдарламалық жасақтамалар сияқты, «Карат» бағдарламасымен де белгілі бір қиындықтар туындады. Бағдарламаны баптау және сынау қажет болды. Жеткізушілер өз тарапынан барлық қажетті техникалық қолдауды көрсетті. Жалпы, түрлі бағдарламалық жасақтамаларды енгізу кәсіпорынның жұмысына жағымды әсер етеді, сонымен қатар мамандарды ұзақ уақыт оқыту немесе жаңа цифрлық шешімге үйрету қажеттілігі жоқ, бағдарламалар жалпы негізде құрылғандықтан пайдаланушы интерфейсі интуитивті түсінікті», - деп баяндады «Павлодарские тепловые сети» ЖШС бағдарламалық жасақтамалар инженері Лилия Махаева.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС диспетчерлік қызметі қызметкерлері жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмысты айтарлықтай жеңілдеткендігін айтады. Бағдарламалық жасақтама көмегімен қазір жылу энергиясының барлық көздері туралы толық ақпаратты алуға болады. Диспетчерлер компьютер мониторында қала станцияларының қандай режимде жұмыс істеп жатқандығын тікелей көре алады.
Жөндеу жұмыстарын дайындау және жүргізу бөлімінің қызметкерлері өз жұмысында бірнеше бағдарламаны пайдаланады. Мамандар «Ellipse» бағдарламасына ерекше назар аударады. Бұл өндірістік қорлар мен активтерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі. Қоймадан жұмысқа жөнелтілетін барлық материалдар бөлім арқылы өтеді. Сарапшылар бұл қоймалардағы материалды толық бақылауға және есепке алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жылу желілері қызметкерлері қолданатын бағдарламалық жасақтама кәсіпорын серверлерінде орналасқан және олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету - «Павлодарские тепловые сети» ЖШС ақпараттық технологиялар тобының аса маңызды міндеттерінің бірі. Мамандардың айтуынша, серверлік жабдық заманауи стандарттарға толық сәйкес келу үшін үнемі жаңартылып отырады.