«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ күл үйіндісінде көпжылдық шөптерді егу жұмыстары аяқталды. Шөп егілген учаскелердің жалпы ауданы 56,6 гектарды құрады, бұл үшін 16,4 тонна тұқым жұмсалды.
Мамандардың айтуынша күз мезгілі егіс жұмыстары үшін кедергі емес. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін күл үйіндісін топырақпен толтыру және шаңды толығымен жою технологиялық кезеңі жүргізілді. Егіс кезінде тыңайтқыштар және еркекшөп, қияқ пен бидайық шөптерінің тұқымдары пайдаланылды. Бұл шөптер «күздік себу» әдісімен егілді.
«Жұмыстарды бастамас бұрын біз шөптердің өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында облыс агрономдарымен кеңестік. Жұмыстарды САЭМ мердігерлік ұйымы екпінді қарқынмен орындады. Себу жұмыстары аязға дейін үлгеру үшін күні бойы жүргізілді», - деп баяндады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қайта құру және жаңғырту басқармасы бастығының орынбасары Евгений Царенко.
Егіске топырақ жұмыстарына, тыңайту және тұқым себуге арналған арнайы техника, сондай-ақ бірнеше трактор жұмылдырылды.