Өткен сенбі 18 қараша күні «Бильярд спорты академиясы» спорт клубында Павлодарэнерго кәсіпорындары кәсіподағының мүшелері арасында жекелей-командалық біріншілік өтті. Еншілес ұйымдардың өкілдері, бес команда үздіктер атағы үшін күресті.

Дене шынықтыру және спортты дамыту «Павлодарэнерго энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.  Кәсіподақ мүшелері арасында түрлі спорт түрлерінен жарыстар үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жолы қатысушылар бильярд үстелінің басына жиналды.

Табанды сайыста командалық есепте бірінші орынға келесі құрамда «Павлодарэнергосбыт» ЖШС ие болды: Дмитрий Аксенов, Асет Султанов, Нургельды Жапарбеков. Екінші орынды «Павлодарские тепловые сети» ЖШС командасы (Павел Бахарев, Рустам Шокаев, Станислав Зубарев), ал үшінші орынды  – «ПЭТК» АҚ (Дастан Амангельдинов, Леонид Федоров, Ерлан Жанатаев) иеленді.

Жеке есепте Дмитрий Аксенов (1 орын), Станислав Зубарев (2 орын)  және Ерлан Жанатаев (3 орын) жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Келесі гіртас көтеру және үш салмақ дәрежесінде армрестлинг жарыстары 9 желтоқсанға жоспарланған. Күш иелері – кәсіподақ мүшелері, сіздерді келесі жарыстарда күтеміз!