Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні және қауіпсіздік айлығы қарсаңында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және қолдау және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін бірқатар іс-шаралар өткізді. Басқарманың жоғары жауапкершілігін облыс әкімдігі де бағалады.
Үш жыл бойы өндірісте жазатайым оқиғалардың болмағаны үшін облыс әкімдігінің Алғыс хатын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасына тапсырды. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук марапаттады. Алғыс хаттарды не бары үш өндірістік компания ғана алды, оның құрамында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бар. Басқармадан марапатты ҚжЕҚ бас маманы Майя Беспаева алды.
- Осының барлығы ұжымның еңбек қауіпсіздігіне және жарақаттану жағдайларының алдын алуға жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, - дейді ҚжЕҚ басқармасының бастығы Андрей Турков. - Мамыр айында компаниялар тобы ішіндегі ең жауапты қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтеді. Біз компаниялар тобы қызметкерлерін ынталандыруға мүдделіміз.
Сонымен қатар, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының ішінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеуге арналған сенбіліктер өтті. Кәсіпорын қызметкерлері станциялар мен кәсіпорындар аумағында тәртіп орнату үшін күректерді, тырмаларды және сыпырғыштарды жапа-тармағай қолға алды.
Қауіпсіздік айлығы аясындағы тағы бір іс-шара – «тұрмыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында балалар бейнероликтерінің байқауы болды. Бұған дейін қызметкерлердің балалары арасында осындай байқаулар өткізілген болатын, бірақ биыл басқарма әр түрлі өзгерістер енгізуді ұйғарды және балаларға шағын бейне түсіруді ұсынды. Байқауға қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталады, бірде-бір қатысушы сыйлықсыз қалмайды.