Әлеуметтік бағдарламалар

Әлеуметтік саясат «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Компанияда түрлі әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады, олардың әрқайсысы қызметкерлердің нақты әлеуметтік тобын қолдауға бағытталған келесідей шараларды қамтиды: қызметкерлерге материалдық көмек көрсету, қызметкерлерді және олардың отбасыларын сауықтыру бағдарламасы, тұтынушылық несие алуға көмек көрсету, майталман энергетиктерді қолдау.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания, ол өз қызметкерлеріне әлеуметтік қамсыздандырудың толық кешенін ұсынады.

Әлеуметтікпакетке мыналар кіреді:

  • қызметкерлерді өндірістегі жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру;
  • мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Компания қызметкерлерінің балаларына арнап әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыру;
  • әлеуметтік бағдарланудың түрлі аспектілері (некеге тұру, баланың тууы, т.б.) бойынша материалдық көмек төлеу;
  • мерейтойлық күндерге, ведомстволық және корпоративтік марапаттауларға байланысты қызметкерлерге ынталандыру төлемдерін төлеу;
  • мұқтаж қызметкерлерге материалдық көмек ретінде төлемдер төлеу, т.с.с.;
  • қызметтік сапарларға және іссапарларға жіберілгенде қызметкерлерге шығындарды қосымша өтеу;
  • бос уақытты ұйымдастыруға (соның ішінде спорттық-сауықтыру және мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруға) жұмсалатын шығындарды өтеу.

Кәсіби бірлестіктер

Компания кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қорғайтын кәсіби одақтармен жұмыс істейді және зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне, кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді.

 

Қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек

Компания төтенше жағдайларға байланысты өз қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетеді. Көп балалы отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға ақшалай жәрдемақылар төленеді.

Несие алуға көрсетілетін көмек

Компанияның Қазақстанның екінші деңгейдегі ірі банктерімен жасаған сенімхаттарының арқасында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері үшін несиелеу шарттары тиімді етілген. Мысалы, жеңілдік жағдайлары (ресімдеудің қысқа мерзімі және құжаттардың аздығы, банк сыйақысының төмендетілген пайызы, айып санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі) көзделген.

Энергетика майталмандары

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жанында Майталман энергетиктер кеңесі құрылып, әрекет етеді. Компания Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына және тыл еңбеккерлеріне үнемі қолдау көрсетіп отырады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында майталман энергетиктерге арнап спорттық турнирлер, аспаздық жарыстар, театрландырылған шоу сияқты, т.б. түрлі іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған. Майталмандар Компания қызметкерлерінің мұндай бастамаларын жылы шыраймен қарсы алып, разы болып жатады.