Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жоспар
2016 жылдың сәуірінде «ОАЭК» АҚ-да Қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) бойынша 2016–2017 жылдарға іс-шаралар Жоспары бекітілді. Жоспарға келесідей іс-шаралар кірді:
- Компаниялар Тобына бірыңғай ҚжЕҚ саласындағы Саясатты жасау және іске асыру;
- ҚжЕҚ-мен байланысты процедураларды үндестіру;
- ҚжЕҚ насихаттаудың ерекше тәсілдері және еңбек қауіпсіздігінің мәдениетін демеу;
- Қызметкерлерді ақпараттандыру;
- Қызметкерлерді жекелеген қорғаныстың тиімді құралдарымен жабдықтау;
- Қызметкерлерді рухтандыру;
- Қызметкерлерді монтерлік және слесарлік сапалы жабдықтармен қамтамасыз ету;
- Жабдықтарды оқшаулау және таңбалау (Lock out/Tag out немесе LOTO) процедураларын енгізу;
- Денсаулық қорғау;
- Жұмыс орындарын төлқұжаттандыру;
- ҚжЕҚ бойынша ақпарат алмасу процесін енгізу – сигналдық парақшалар;
- Өзара аудит бойынша процедураларды енгізу.
Бүгінгі таңда «ОАЭК» АҚ-да жоспарланған іс-шаралардың негізгі бөлігі жүзеге асты. Жоспардың жүзеге асқан іс-шараларының қысқаша сипаттамасымен компания сайтында жыл сайын жарияланатын Жылдық есептен, «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» бөлімінен таныса аласыз.
ҚжЕҚ бойынша іс-шаралар Жоспары бірінші кезекте жазатайым оқиғалардың алдын алуға, ҚжЕҚ-ға байланысты процедураларды үндестіруге бағытталған. Жоспарда шетелдік және отандық компаниялардың оң әсер беретін үздік тәжірибелері сипатталған.
Толыққанды Жоспар Компанияда бірінші рет қабылданып отыр және болашақта жыл сайын дайындалып, қабылданатын болады. Жоспардың іс-шараларының орындалуы бақылауда ұсталады және «ОАЭК» АҚ басшылығы мен оның еншілес ұйымдарына хабарланады.